Тұңғышбай Жаманқұловтың ғимараты бұзақылар мен қаңғыбастардың мекеніне айналған

Картинки по запросу тұңғышбай жаманқұлов

Тұңғышбай Жаманқұловтың атындағы жер теліміндегі ескі ғимаратты Алматыдағы Теректі елді мекенінің тұрғындары сүріп тастауды сұрады, - деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Құрылысы қираған нысан жекеменшікке өткелі өңшең бұзақылар мен қаңғыбастардың мекеніне айналған. Ал ғимарат иесі белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұлов екен. Нысанның кесірінен мектепке баратын балаларының әрі-бері өтуі қиындаған.

"Қоқыс көп. Мынау бара-бара қыстың күні баллон жағылып, мынаның ішіне адам қаптайды. Қаңғыбастар толып жүр. Сол кезде қайтеміз, балаларды қайтеміз?! Бай болғаннан кейін, қалтасында ақша болғаннан кейін халықтың дауысын, жанайқайын естігісі де келмейді", - дейді қала тұрғыны Сара Жүнісова. 

Басшыларды мүлдем көрмейміз деген тұрғындар бүгінге дейін тек қағаз жүзінде ғана жауап алғанын айтады. Бұл мәселеге жауаптылар ескі нысанның мәселесін жақында шешіп беретініне уәде беріп, бұл жердің халық әртісіне тиесілі екенін растады.

"Ол ғимаратты кейіннен өзіміз анықтап білдік. Өздеріңізге белгілі Тұңғышбай Жаманқұлов деген өнер азаматының жекеменшігіндегі жер телімі болып шықты. Ол кісімен алдыңғы күні өзім хабарға шықтым. Ол Нұр-Сұлтан қаласында екен. "14-і күні Алматыда боламын, сол жерде тұрғындармен кездесейік, нақты бір шарасын қолданайын қолымнан келгенше, қоршайтын болсам, қоршаймын, қоршамасам, бір шарасын қолданамын" деп қысқаша жауап берді", - дейді Теректі ықшам аудандары бойынша жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы Әбілахат Жапақ.

Жолға жауапты мамандар қазір сметалық құжат жасалып жатқанын алға тартты. Мамандардың айтуынша, мұнда су және кәріз жүйесі жүргізілмейінше, жол жөнделмейді. Ол 2020-2021 жылдарға жоспарланған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда «Ұлағатты ұрпақ» жобасының алғашқы кездесуі өтті
  • Дәрігер жан-жақты болу керек
  • Шымкентте аллергияны қайда емдейміз?
  • Маңғыстауда 120 отбасы баспаналы болды
  • «Берекелі баспана» бағдарламасымен жалдамалы пәтер алуға өтінім басталады
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика