Елордада жетімдерге баспана бұйырмай тұр

Oinet.kz 10-10-2019 964

Картинки по запросу тұрғын үй

Жыл сайынғы бөлінетін үйдің 20 %-ы жетімдерге берілуі керек деген Елбасының тапсырмасы, толығымен атқарылып жатқан жоқ. Кейбір аймақтарда ол 2-4 пайызды ғана құрайды. Мұндай есеп кезекті Мәжіліс отырысында келтірілді, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының  тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап.

Татьяна Булгучева интернаттан түлеп ұшқалы 8 жылдан асса да, пәтер-пәтерді жағалап келеді. Бұл жолы тұрақтаған баспананың қабырғасы көгеріп, сыз тартқан. 2 бала тәрбиелеп отырған жолдасы екеуінің басқа барар жері жоқ. Отбасын күйеуі жалғыз асырап отыр. Ал оның табысы пәтерақыға ғана жетеді.  

«Біздің үйдің кезегі қашан жылжиды деп сұрап бармаған жеріміз жоқ. Әкімнің орынбасарының қабылдауына да жазылғам. Олар үнемі күтіңдер деумен шектеледі. Түсінсе ғой деймін. Күйеуім де, мен де балалар үйінен шыққанбыз. Біздің баратын жеріміз жоқ. Қиын кезде бауырына басып, қол ұшын созатын туыстарымыз жоқ. Баспана кезегі мүлдем жылжып жатқан жоқ»,- дейді балалар үйінің тәрбиеленушісі Татьяна Булгучева.

Елордада 2700-ден астам жетім үй кезегінде тұр. Оның ішінде 10 жылдан бері баспанаға қол жеткізе алмай жүргендері бар. Былтыр соның 36-сы ғана үйлі болған. Биыл 1600 үй беріледі деп жоспарланса, оның қаншасы жетімдерге бұйырары белгісіз.

«Иә, жоғарыда айтып кеткен сандар рас. Үйдің 3,9 пайызы ғана жетімдерге берілді. Биыл жыл соңына дейін 1640 пәтердің кілтін әлеуметтік осал топтарға табыстаймыз деп отырмыз. Соның 7 - 7,5 пайызы жетімдерге қарастырылған. Ал келесі жылы 5000 астаналықты баспаналы етуді жоспарлап отырмыз. Ол кезде бұл көрсеткішті 10-11 пайызға дейін көбейтеміз. 20 пайызды толығымен жаба алмаймыз»,- дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов

Тұңғышбай Жаманқұловтың ғимараты бұзақылар мен қаңғыбастардың мекеніне айналған
Ауылға барғысы келмейтін студенттер Денсаулық сақтау министрімен соттасатындарын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу