Әйел неге кетіп тынады?

Oinet.kz 07-11-2019 1062

әйел.jpg

Әйелдер де жыл құсы құсап суыққа шыдамайды. Немқұрайлылықтан шаршайды. Өзіне деген қату қабақтан жабығады. Мына суық әлемде, жел өтінде жалғыздан жалғыз өсіп тұрған нәзік гүлді көргеніңіз бар ма? Өзіне деген мейірімі жоқ бос кеңістікке әйелдің нәзік жаны шыдамайды. Не жүрегіне от сезімді жаққан адамға кетіп тынады. Әрине, әйелдер көбіне-көп еркектердің зорлығына, қоқан-лоққысына шыдамай, кемсітуінен жылап кетеді дерсіз. Бір жағынан сіздікі де рас. Бірақ! Егер әйел сүйсе, бәріне төзеді. Өзіне деген өлеусіреген оттың барын сезсе, бар қиындыққа төзе береді. Бәріне көзін жұмып қарайды. Өзіне жасалған қиянаттың бәрін арқалап өтеді. Бір күні сол өлеусіреген оттың өшкенін сезгенде, таң сызымен үндемей үйден шығып кетіп қалады. Мәңгілікке кетіп тынады. Қоштаспайды да. Ренжіспейді де. «Бас иіп» келген қасиетті пайғамбарын жалғыздыққа қияды. Әйелдер еркектен кетпейді. Олар сезімі жоқ үйден кетеді. Немқұрайлылықтан, өлі тыныштықтан. Айтылар әңгімесін естір құлақ жоқ жерден кетеді. Әйелдің бойында Тәңірлік сипат бар. Өзін қан жылатқан адам үшін шын ниетімен дұға ететін қасиеті бар. Өмір-бақи бір жақсылық жасамаған адамның бетіне күліп қарай алады. Жанын қинаған адамға жақсылық тілейді. Қан жылатқанға төзген жүрек кәдімгі немқұрайлылыққа шыдамайды. Жалпы алғанда, әйел заты екі түрлі бір сұмдық жаратылыс... Рас қой? Бәлкім, солай дұрыс шығар... Оттан жылу күтеміз ғой қай қайсымыз да...

Вячеслав Прах

«Женщины созданы, что бы их...»

Аударған Шынар Әбілдә

Ұрыс-керіс
Сенің таңдауың
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу