София Ротару түрмеге түсуі мүмкін

Oinet.kz 16-06-2009 1316

Screenshot_4.jpg

Осыдан бірер апта бұрын Шымкентке келеді деп күтілген танымал әнші София Ротарудың қазір ән шырқауға мұршасы болмай тұр. Мәскеу қалалық ішкі істер бас басқармасының қызметкерлері София Михайловнаның бірнеше жыл бойы салық төлеуден жалтарып келгенін анықтады. Ал бұл даудың басын бастап берген ... Ротарудың өзі. Әнші прокуратураға шағымданып, Коняхина деген экс-директоры кезекті гастрольдік сапардан түскен табыс – 300 мың евроны жымқырып кеткенін жеткізді. Дегенмен, тергеушілер поп-жұлдыздың өзіне шүйлікті. Себебі ресми құжаттарда Ротарудың көрсеткен қаржылық табыстары бұдан анағұрлым аз. Сонда 300 мың евро гонорар қайдан алынды? Тергеушілерді қызықтырған сауал осы. Ротарумен хабарласуға тырысқанымен, әнші байланысқа шықпай қашып жүр.  «Прокуратураның назарына іліккенін білген бойда Ротарудың денсаулығы нашарлап, ауруханаға  жатып қалды. Ротару қазір не істеу керектігін білмей, қорқып жүр. Білуімше, қазір Ялтада», дейді танымал әншінің ұжымындағы бір қызметкер.  Ротару мәселені шешу үшін Ресейдің ең танымал адвокаттарының бірі Генри Резникті жалдапты. Алайда, бұл шиеленістің  немен аяқталатынын  айту әлі  ерте. Егер әншінің кінәсі дәлелденіп жатса, Ротарудың түрмеге түсуі де ғажап емес. 

Тойға қонақ болып барып жалақы аласыз
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмауы тиіс!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу