Үйде отырған әйел байлаулы итпен тең

Oinet.kz 11-05-2020 1515

Әлем әйелмен көрікті. Әйел адамның жадырап жайнап жүруі үшін еркіндіктің орны қашанда маңызды. Халық арасында әйелдің басты міндеті «үй шаруасын жасау, тамақ пісіру мен бала туу» деген ұғым қалыптасқан. Йя, дұрыс әйел адамның басты міндеті де сол. Алайда тек үй шаруасымен шектелетін әйелдің таным-түсінігі мен ойлау жүйесі «өзгеше» болары мәлім. 

unnamed.png

Бірде бір танысым «Үйде отырған әйел байлаулы ит секілді. Қорғанда байлаулы тұрған ит қабаған болады, әйел де солай». Баста бұл сөздерді естігенде таң қалдым. Әйел адамды итпен теңеу құлағыма ерсі естілді. Бірақ бұл сөздің расытығына көзім жетті. Расыменде, әйел адамға еркіндік қажет. Бұл дегеніміз көшеге шығып, қаңғып кету емес, әрине. 

Әрине, әйел адам болғасын баланың тәрбиесі мен отбасың бірінші кезекке қою қажет. Бұл әйелдің басты міндеті. Алайда егер өз-өзің ұмытатын болса отбасы ілгерілемей құрдымға кетуі бек мүмкін. Яғни, үйде отырған әйелді өз ойы «жеп» қояды. Күні бойы үйде отырғасын кешке күйеуі жұмыстан шаршап келсе «анау жоқ, мынау жоқ» деп ызыңдап, күйеуін «байлаулы ит» секілді қаба бастайды. Ал ер адамның қашанда тыныштық пен жайлылықты жақсы көретіні анық. 

Айтайын дегенім: Әйел адамның табысы ер кісіге қарағанда берекелі болмағанымен, оның өміріне рең кіргізеді. Әрине, өзі жақсы көретін жұмыс болса. Үйдің бітпейтін күйбенінен сәлде болса жырақтап, өзіңе уақыт бөліп, миын тынықтырады. Сырттағы адамдар араласып, ой-өрісін дамытады. Өз-өзіне деген сенімділігі артады. Нақтырақ, «байлаулы ит» секілді күйеуінің миын қаппайды (жемейді).  

Коронавирусты зерттеуде үлкен жаңалық ашу алдында тұрған ғалымның өлі денесі табылды
​«Ақша мен биліктен де құдіретті дүние бар»: Бейсен Құранбектің желідегі соңғы жазбасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу