Ринат Зайытов қамауға алынды ма?

Oinet.kz 20-04-2019 1000

Screenshot_7.jpg

...Қырандай шырқап ілсем, шалқып кеп бір,

Сөйлейін Бұхарлардан сарқыт боп бір.

Қазақстанды бір үлкен семья десек,

Жанұямыз шалшық боп тұр, балшық боп тұр.

Күйеу баламыз шетелге қашқанменен,

Кигені жібек пенен барқыт боп тұр. 

Ағамызда ақыл жоқ дегенменен,

Жайы жақсы, қарны шарқыт боп тұр. 

Елеңдеп әкемізге қарағанмен,

Ол жаққа да жетпейтіні тәртіп боп тұр. 

Үш жүздің тағдырынан бұл күндері 

Үш қыздың болашағы артық боп тұр... 

Бұл айтыскер ақын Ринат Зайытовтың шығармашылық кешінде оқыған өлеңінен үзінді. Біздің редакциямызға хабарласқан оқырмандар «жаңа жылдың қарсаңында берген шығармашылық кешінде ащы сынға өрілген осы өлеңінен кейін Ринат Зайытовтың басына қара бұлт үйіріліп, тіпті, қамап тастапты деп есітіп жатырмыз, бұл жел сөз бе, әлде жөн сөз бе? Біліп бере аласыздар ма?» деп алаңдаушылық білдірді. Біз бұл қауесетке қатысты әңгіменің анық-қанығын білу, шынайы мән-жайға  ақынның өз аузынан құлағдар болу мақсатында Ринат Зайытовтың телефонына қоңырау шалдық. 

  - Жоқ, ондай оқыс оқиға болған жоқ. Біреулердің өз топшылауы бойынша айтып жүргендері шығар. Бәрі дұрыс, бәрі ойдағыдай, аман-есенмін, хабарласып, жанашырлық танытқандарыңызға рахмет!,-деді ол әңгіменің ашығын айтып.  

Мұрағаттан, 13.02.2014 ж

«Жігіттер» квартеті қалай құрылды?
Жетімдігіне күйінген бала суға ағып өлді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу