Меруерт Түсіпбаева: «Келін құл емес, бір үйдің өбектеп отырған қызы»

Screenshot_2.jpg

Фото: Меруерт Түсіпбаеваның әлеуметтік желідегі парақшасынан

Меруерт Түсіпбаева қазақтың жаңа түскен келінге қатысты көзқарасына қарсы шықты. Жалғыз ұл өсіріп отырған әнші болашақта келінімен алыстан сыйласатынын жасырмай айтып берді деп жазады "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі келінді тегін қызметкер санайтын адамдарды сынға алды.

"Біздің қазақ сол ғой. Келін түссе, бір тегін үй қызметкері келген секілді. Қазақтарды түсінбеймін. Ол біреудің өбектеп өсірген қызы. Сол қыз болмаса да, төсек жиналып, ыдыс жуылған шығар. Жуылған жоқ па?! Сол келмей тұрып, төсек жиналмады ма? Онсыз да істелінді ғой. Істелінеді. Құдайға шүкір, өзіме қуат берсін. Жалғыз қалмаспын!

Балам үйленген соң, мен де бір шалды табармын. Дүниеде "Маған үйленем" дейтін бір ада бар шығар. Мен ондай келінді жұмысқа жегіп, оған тиісіп ешқандай.... Әйтеуір балама адал болсын. Бітті! Басқа ештеңе керек емес! Балама "Мені асырамай-ақ қой. Мен сенімен, келінмен бір күн тұрмаймын.

Сендер үйленгеннен кейін, сендер жақсы, мен жақсы енді барыңдар. Міне үйлерің, көліктерің! Өз беттеріңмен өмір сүріңдер. Мен енді демалып, өз бетіммен өмір сүрейін. Арасында кездесіп, шетелге барып, отбасылық мерекелерде кездесіп тұрайық. Бірақ алыстан сыйласайық" деймін", - деп ағынан жарылды Меруерт Түсіпбаева.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бір қызық уақиға
  • Қызды ұзатуда тұрған алғашқы үздік үш ән мен әнші
  • Кездейсоқ кездейсоқтық
  • Әрекетке - берекет
  • Адам уақытын не ұрлап жатыр?