Канадалық азамат қазақ студентті қағып өлтірді

Oinet.kz 25-12-2019 886

Торонтода жол апаты салдарынан қазақстандық студент қаза тапты, деп хабарлайды Global News телеарнасына сілтеме жасаған OINET.KZ.

Картинки по запросу жол апаты

"Торонто полициясының мәліметінше, 2019 жылдың 22 желтоқсанында кешке Скарборо ауданында жүргізуші көлігін дұрыс басқара алмай, тротуармен келе жатқан үш студентті қағып кетті. Екеуі көз жұмды, біреуі ауыр халде жатыр. Полиция дерегіне сай, қайтыс болғандардың бірі – Қазақстан азаматы, Сентенниал колледжінің (Centennial College) студенті", - деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметіне сәйкес, апаттан зардап шеккен қалған екеуі – ағайынды қытайлық студенттер. Олардың бірі қайтыс болды.

"Үшеуі де ауруханаға түсті, ол жерде 19 жастағы Дамир Құсайын мен Вей Джи Чу қаза болды. Үшінші зардап шеккен 20 жастағы Юн Дже Чу ауыр халде жатыр, бірақ оның алған жарақаттары өміріне қауіп төндірмейді", - деп хабарлады Global News полицияға сілтеме жасап.

Дипломатиялық ведомство бұл мәселені бақылауына алды.

Білім министрі мұғалімдер үшін аса маңызды құжат қабылданатынын айтты
СІМ-нің орынбасары қызметіне жаңа басшы тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу