СІМ-нің орынбасары қызметіне жаңа басшы тағайындалды
Марғұлан Баймұхан сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды OINET.KZ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды», - делінген Ақорданың хабарламасында.
Марғұлан Баймұханның Қазақстанның Польшадағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметінен босатылғаны айтылады.

 
 
 
