Арман Қырықбаев «Nur Otan» партиясының хатшысы болып тағайындалды
Арман Қырықбаев «Nur Otan» партиясының хатшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы бүгін «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбект Twitter-дегі парақшасынд жазды, деп хабарлайды OINET.KZ.

«Партия Лидері Н.Ә. Назарбаевтың келісімімен Арман Қырықбаев «Nur Otan»-ның хатшысы болып тағайындалды. Оның партиядағы, сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы мол жұмыс тәжірибесі алдағы міндеттерді табысты іске асыруына мүмкіндік беретініне сенімдімін»,-делінген хабарламада.


