Құлаған ұшақта жүкті әйелді денесімен жауып қорғап қалған жолаушы марапатталды

Желтоқсан айының соңында Алматы маңында құлаған Bek Air ұшағында жүкті әйелді қорғап қалған Темірлан Қадауов марапатталды деп хабарлайды Nur.kz

Алматы полициясы ғимаратында ішкі істер министрінің бұйрығымен 23 жастағы Темірлан Қадауовқа "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін" медалі табыс етілді.

Screenshot_7.jpg

Фото: Алматы қаласының полиция департаменті

Марапатты жас батырға қалалық полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев тапсырды.

"Жас жігіт төтенше жағдайда батылдық көрсетіп, жанында отырған жүкті әйелді денесімен жауып қалды. Одан бөлек, жарақат алғанына қарамастан ұшақтағы жолаушылардың тез арада ұшақтан шығуына көмектесті. Темірлан Қадауов бұл марапатқа әбден лайық. Бұл, бірінші кезекте, халықтың батырға деген алғысы, ризашылығы деп түсінген жөн", - деп атап өтті полиция.

Еске салайық, "Bek Air" әуе компаниясының ұшағы құлаған сәтте жолаушылардың бірі жанында отырған жүкті әйелді денесімен жауып, аман алып қалған.

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады. Бірнеше сағат өткен соң қаза тапқандардың нақты саны мен есімдері белгілі болды.

Апатқа ұшыраған ұшақ экипажы мен диспетчердің сөйлескен жазбасы жарияланды.

Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Роман Склярдың және бірнеше жауапты тұлғаның қатысуымен болған баспасөз брифингінде ұшақ апатының болжалды екі себебі айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

"Bek Air" әуе компаниясының ұшағы құлаған сәтте жолаушылардың бірі жанында отырған жүкті әйелді денесімен жауып, аман алып қалған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Димаш Құдайберген әлемдік жұлдыздармен жарысып жатыр (фото)
  • Оралда екі адамды 13,5 млн теңгеге отырғызған «Гарант 24» директоры қолға түсті
  • Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 142 адам коронавирус жұқтырды
  • «Гарант 24 Ломбард» филиалдарының директорлары Қазақстанның үш қаласында ұсталды
  • Жол-патрульдік полициясының бір күні... Капитан толғақ қысқан келіншекке қалай көмектесті?
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика