Ресейлік дәрігер коронавирустың қашан кететінін айтты

Oinet.kz 20-03-2020

Ресейлік дәрігер Александр Мясников  коронавирустың шамамен қашан беті қайтатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

abc0d451-fdfb-418a-9022-1250a1e02a2f.jpg

- "Коронавирус менің ойымша, бір айдан кейін, сәуір айының ортасына қарай аяқталды", - дейді Мясников.

Оның айтуынша, коронавирус маусымдық құбылыс болып табылатын жіті респираторлық ауруды тудырады. Сондай-ақ, Мясников коронавирустың күзде қайталануы әбден мүмкін екенін атап өтті

Оның айтуынша, әзірге медицинада вирустың берілу жолдары белгісіз. Ол сондай-ақ, пандемия төңірегіндегі үрейді негізсіз деп атады, алайда карантин енгізудің маңыздылығын атап өтті.

- "Бәрі өтеді. Уайымдамаңыздар. Барынша сабырлы болған жөн. Себебі үрей - ешкімге көмектеспейді", - дейді Александр Мясников.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы деректер бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны - 49. Оның 22-сі Алматыда, 25 -і Нұр-Сұлтанда және 2-уі Қарағандыда тіркелген.

Сондай-ақ, соңғы деректер бойынша Италияда коронавирустық жағдай өршіп тұр. Соңғы деректерге сәйкес, мұнда бір тәулікте 420 адам көз жұмған. Ал қайтыс болғандардың жалпы саны - 3,4 мың адамға жетіп отыр. Айта кетсек, бұл елде Қытайға қарағанда өлім-жітім саны 200 адамға көп.

Әлемдік онлайн есептер Қазақстанда коронавирустан 3 адам көз жұмды дейді
Тоқаевтың бір жылдық жұмысына арналған 4 томдық кітабы жарық көрді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу