Алматыда тағы 5 адамнан коронавирус анықталды

Oinet.kz 28-03-2020

27 наурыздағы 23:15-тегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың тағы бес оқиғасы анықталды. Олардың барлығы Алматыда тіркелген, деп хабарлайды Oinet.kz сайты KAZ.NUR.KZ. порталына сілтеме жасап.

photo_65301.jpeg

Осылайша, елде барлығы 150 ауру жағдайы туралы белгілі.

Қазақстанның төрт қаласында CОVID-19 табылды: Нұр-Сұлтанда – 75 оқиға, Алматыда – 55, Қарағандыда – 4, Шымкентте – 2 оқиға тіркелді.

Бұдан басқа, инфекция сегіз түрлі облыстарда да жеке тіркелді: Ақмола облысында – 3 жағдай, Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1, Атырау облысында – 3, Жамбыл облысында – 3, СҚО – 1, Павлодар облысында – 1, Маңғыстау облысында – 1 жағдай.

Тоқаев коронавирустан қайтыс болған кісінің туған-туыстарына көңіл айтты
Коронавирустан қайтыс болған әйелмен байланыста болғандардың тест нәтижесі шықты

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×