Трампты бункерге отырғызу көпшіліктің түсінбестігін тудыруда

Oinet.kz 01-06-2020 899

АҚШ президенті Дональд Трамп көшедегі жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты бункерге ауыстырылды. Себебі баскөтерушілер қазірдің өзінде Ақ үйдің жанына дейін жеткен деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

Дегенмен The New York Times басылымының жазуынша, бункерді президенттер террорлық шабуылдар болған кезде пайдаланады. Ал  АҚШ-тың құпия қызметтері президенті не үшін бункерге ауыстырғаны түсініксіз күйде қалуда.  

25 мамырда Миннеаполис полициясы афроамерикалық Джордж Флойдті тұтқындаған. Ұстау кезінде тәртіп сақшысы жерде жатқан азаматтың мойнын тізесімен басқан. Флойд тұншығып бара жатқаны айтып, айқайлаған. Алайда полицей бұған мән бермеген. Кейінірек ер азамат аурухананың реанимация бөлімшесінде қайтыс болған. Осы оқиға  жаппай тәртіпсіздіктерге себеп болды.

«Оу, жоғары жақтағылар...» Еркін Рақышев билікке қатаң талап қойды
Жаңа вице-министр тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу