Жаңа вице-министр тағайындалды

Oinet.kz 04-06-2020 2047

Ол ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды.

image.png

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Oinet.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Серік Шәпкенов 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында туған. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін "экономист-математик" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастады. Түрлі жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты құрылымында жұмыс істеді.

2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

2015-2016 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2016-2018 жылдары – Атырау қаласының әкімі.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

Трампты бункерге отырғызу көпшіліктің түсінбестігін тудыруда
Облыстық білім басқармасының басшысы енді «жартықұдай» бола ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу