Облыстық білім басқармасының басшысы енді «жартықұдай» бола ма?

Oinet.kz 04-06-2020

Screenshot_6.jpg

2021 жылы қалалық және аудандық білім беру бөлімдері өңірлік басқару құзырына беріледі. 

- Білім беруді басқару және қаржыландыру жүйесінде елеулі өзгерістер жүріп жатыр  Мемлекет басшысының Тамыз конференциясында берген тапсырмасымен білім беру жүйесін басқару үлгісін жаңғыртып жатырмыз. 2021 жылдан бастап, барлық қалалық және аудандық білім беру бөлімдері облыстық басқару құзырына беріледі. Біз өте ауқымды жұмыстарды атқарып келеміз және 2021 жылы бұл жүйе жұмыс істей бастайды деп ойлаймын, - деді министр Фейсбук желісінде халық алдында есеп беру барысында. 

Жалпы, аудандық білім бөлімдерін тікелей облыстық білім басқармаларының құзырына беру мәселесі көптен бері айтылып келе жатыр. Ал бұдан не өзгереді? Бұл дегеніңіз енді аудан әкімдерінің мектептерге құзыры жүрмейді деген сөз. Білім ошақтарының бәрі ауызекітілде «ОблОНО» деп аталатын облыстық білім басқармасына бағынады. Аудандағы білім бөлімінің басшысын да осы басқарма тағайындайды. 

Яғни, облыстық білім басқармасының басшысы енді жартықұдай болатын сияқты.

Жаңа вице-министр тағайындалды
"Халық мүлдем басқаша өмір сүретін болады": Назарбаев маңызды жоба туралы айтты

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×