Тоқаевтың баспасөз хатшысы әйелдердің сағатын тақпайтынын айтты

Oinet.kz 15-02-2022 1002

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли құны 30 мың АҚШ доллары тұратын алтын сағатына қатысты пікір білдірді. Ол ақпараттың жалған екенін және сағаттардың бұдан әлдеқайда арзан екенін айтады. Бұл туралы ол Kaztag.kz сайтына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_14.jpg

– Бұл ақпарат мүлде шындыққа жанаспайды. Сағаттар әлдеқайда арзан. Жылтыр сағаттардың бәрі алтын емес. Айта кетейін, сол жерде сағаттың құны көрсетілген суретте гауһар тасты әйелдер сағаттары көрсетілген, бірақ мен әйелдер сағатын тақпаймын, - деді Берік Уәли.

Бұған дейін қазақстандық Telegram-арналардың бірінде Уәлидің қолындағы сағаттар шамамен 30 мың доллар тұратыны жайлы ақпарат тараған. 

Аркадағ Елбасының қателігін қайталағысы келмейді
Дариға Назарбаева бүгін мәжіліс отырысына тағы да қатыспады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу