Украинаны басып ала алмаған Путин мен Шойгу туралы өлең шықты

Oinet.kz 31-03-2022 2593

Facebook желісінде Украинаны басып ала алмай әбден титықтаған Ресей Президенті Путин мен Қорғаныс министрі Шойгуге қатысты өлең шықты. 

Screenshot_7.jpg

- Даңқың қайда төске өрлеген?

Екі жүз мың әскерменен

Жиырма күнде кіп-кішкентай

Украинаны ала алмау,

Жиырма күнде бір Киевтің  осал тұсын таба алмау

Ойы - дауыл,

Сезімі -аспан ,

Тек жеңіспен көзін ашқан

Менің алғыр әскерімнің сүйегіне зор таңба,

Намысыма сызат түсті мына сенің арқаңда, —

Деп Путлерхан Шойгутайға оқты көзін қадады.

- Осы өкініш мені де өртеп барады.

Украинаның бақытына орнаған

Болар, бәлкім,

Алдырмай тұр зор қамал.

Бірақ, мен де жүргенім жоқ аянып,

Қанша үмітім желге ұшты.

Қанша әскерім жер құшты.

Дала жатыр қызыл қанға боялып,

Егер бүкпей баяндасам шындықты

Рухы — өр,

Тәні — бекем

Бұл бір қайсар халық екен,

Тірліктен де артық қойған бірлікті... 

Шахановша. 

Авторы: Сәкен Жүрген

Ханзада Есенованың қызметінен кеткені рас па?
Айсұлтан Назарбаевтың жерленген жерінен фото тарады (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу