Айтылды, орындалды. Тоқаевтың Жолдауын науқанға айналдыру кімге тиімді? ​

Oinet.kz 04-04-2022 672

БОРТ №1 Telegram каналы  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы бойынша берілген тапсырмаларды қалай орындалып жатқан туралы мәліметтерді жариялады: 

Screenshot_2.jpg

Айтылды: «Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет. «Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына келтірген жөн. Онда жастарымыз қолөнердің және шығармашылықтың бастапқы негіздерімен танысар еді».

Орындалды: Мемлекет шығармашылық үйірмелерді жан басына қаржыландыру институтын алғаш рет енгізді; 2021 жылы 133 мыңнан астам бала сурет, би, музыка және басқа да үйірмелерге, 162 мыңнан астам бала мен жасөспірім спорт секцияларына тегін қатысты; Республика бойынша спорт секцияларын ашуға бөлінген қаржы 6 миллиард теңгеден асты.

Сондай-ақ аталған канал 1 сәуірде Президенттің Инстаграмдағы tokayev_online аккаунтының ашылғанына тура 3 жыл болғанын хабарлады. 

-Осы аралықта 126 пост жарияланып, 2,1 млн. оқырман жазылған. Сонымен қатар бүгін БОРТ N1 (http://t.me/bort_01) телеграм каналының ашылғанына тура 1 ай толды. Мұнда әзірге 20 мыңнан астам адам жазылды. «Бізбен бірге болғандарыңыз үшін алғыс айтамыз. Өздеріңізге алдағы уақытта да маңызды ақпараттарды жеткізуді жалғастыра береміз,-делінген хабарламада.

Әрине, Президенттің берген тапсырмаларының аяқасты болмай, орындалып жатқаны өте құптарлық тірлік. Бірақ тапсырмалардың бәрі түгелдей жүзеге асып жатыр ма? Іске аспай қалғандары да аз емес сияқты. 

Тоқаевтың Жолдауын науқанға айналдыру, Мемлекет басшысының шашбауын көтеріп, жөнді-жөнсіз мақтай беру де дұрыс емес.   Бұл сонда Тоқаевтың тұлғалық култьін қалыптастыру ма?

«Путиннің абыройы асқақтап, Гиннес кітабына енетін брендке айналды»
Жапаров бір тиын да ұрламауға ант берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу