«Nur Otan» партиясы төрағасының орынбасары «нұрботтарға» қатысты сұраққа жауап берді

Screenshot_10.jpg

Кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының ашылуында Nur Otan партиясы төрағасының орынбасары Мәулен Әшімбаев журналистерге "нұрботтардың" бар екенін мойындады. Бірақ ондай әдістерді қолдамайтынын жеткізді, деп хабарлайды Total.kz.

"Қазақстанда ғана емес, барлық жерде саяси партиялар әлеуметтік желідегі жүргізілетін жұмыстарына үлкен мән береді. Бірақ біздің нақты өз ұстанымымыз бар, сіз айтып отырған әдістерді ("нұрботтар" – Total.kz ескертуі) біз қолдамаймыз. Біз өзіміздің партия мүшелерінің әлеуметтік желіде өз атымен ғана жазып, өз атымен белсенді болғанын құптаймыз", – деп түсіндірді Әшімбаев.

Оның сөзінше, биыл Қазақстандағы сайлауда тұңғыш рет әлеуметтік желідегі жұмыстарға ерекше мән берілмек.

"Әлеуметтік желілер маңызды рөлге ие болып отыр. Тұңғыш рет Қазақстандағы сайлауда әлеуметтік желілер осындай үлкен рөлге ие болды. Бұл бүгінгі күннің тренді, біз әлеуметтік желілерге үлкен мән беретін боламыз", – деп қосты Nur Otan төрағасының орынбасары.

Screenshot_1.jpg

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды
  • Әбдірахымовтың орынбасары болған Данат Жумин қызметтен не үшін кеткенін айтты
  • Президент мұғалімдерді енді сенбілік, флешмоб секілді іс-шараларға шығармауды тапсырды
  • Қаржы министрі адам бай болуды емес, бақытты болуды ойлау керектігін айтты
  • «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды