Сарыағашта өмірден түңіліп, өлмек болған жас әйел құтқарылды

Oinet.kz 13-05-2019 1079

Screenshot_12.jpg

6 мамыр күні сағат 18:50 шамасында Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Сарыағаш теміржол вокзалындағы жаяу жүргіншілер көпірінен өзін-өзі өлтіру мақсатында жас қыз секірмек болып тұрғаны туралы хабар келіп түсті, деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, яғни шұғыл-тергеу тобының жедел уәкілі полиция лейтенанты Рүстем Райымбеков, тергеуші полиция лейтенанты Аман Нұрқанат, криминалист полиция лейтенанты Хасан Әбілдер тез арада барды.

Жедел жеткен полицейлер көпірдің жақтауы арқылы секірмекші болған әйелді байқап қалды. Және шұғыл шараларды дер кезінде қабылдады. Өзін-өзі өлтірмекші болған әйелді әңгімеге тартып, қауіпсіз қашықтыққа алып барды. Бұл медициналық және психологиялық көмекке зәру Сарыағаш қаласының тұрғыны болып шықты, оны содан кейін туыстарына тапсырды.

Screenshot_11.jpg

Аталған жайт ҚР ҚК-нің "Өзін-өзі өлтіруге жеткізу" 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Қазіре оқиғаның себептері анықталуда.

Өз кезегінде, Сарыағаш АПБ-нің басшылары полиция аға лейтенанты Рүстем Райымбековке, полиция лейтенанты Аман Нұрқанатқа мен Хасан Әбілдерге және басқа да полиция қызметкерлеріне жедел шара қолданғаендығы үшін және кәсіби шеберліктеріне әйелді суицидтен құтқарғандары үшін алғыс білдірді.

Screenshot_1.jpg

«Nur Otan» партиясы төрағасының орынбасары «нұрботтарға» қатысты сұраққа жауап берді
Дональд Трамп Қазақстанның тұңғыш Президентіне хат жолдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу