Мұстафа Жемилев: «Өмірімде бұдан кейін үлкен қателік жасамадым»

Oinet.kz 19-06-2014 1134

Тәуелсіздікті аңсаған Қырым-татарларының тағдыры қаншалық аянышты екенін  орта бойлы, селдір шашты, сарғыштау,  арықтау келген осы шалдың өміріне қарап-ақ бағалай беруге болатындай. Дегенмен, соқтықпалы, соқпақты жолына зер салсаңыз, жаныңды езер ауырлық жаншып, таптамай,  қайта керісінше, жүрегіңе рух, санаңа серпіліс беретіндей. Содан да шығар,  ұлттың, елдің, халықтың нағыз ақсақалы осындай болса керек-ті деп қызғана қарайсың. Назарларыңызға қырым-татарларының рухани көсеміне айналған Мұстафа ЖЕМИЛЕВТІҢ өз сөзін ұсынып отырмыз.  

a9b2b2fb62bde0de2aebf00e6dd65a6c.jpg

Қырымнан бізді күштеп көшіргенін, совет билігінің жақсы еместігін мен ес тоқтатпаған бала кезімде-ақ білдім.  

Өзбекстанда үгіт-насихат жүріпті –  келе жатқан қырым татарлары отанын сатқандар, солардың кесірінен сендердің әкелерің мен шешелерің, ағаларың мен қарындастарың қаза тапты! Вагоннан түскен сәтте бізді таспен ұрды. Сосын, расын айтқанда, естерін жия бастады: перонда тұрған өңкей әйелдер мен балалар. Олар қалайша отанын сатқандар. 

Сталин өлген кезде бәрімізді линейкаға тұрғызды. Балалар да, мұғалімдер де жылады. Ришат Бекмамбетов есімді бізге жетекші бала бірінші байқапты: «Қараңдар, қырым татарларынан басқасының бәрі жылап тұр. Үйден пияз алып келгем, дереу көздеріңе жағып, жас шығарыңдар. Әйтпесе, әке-шешемізді тұтқындайды». 

Линейкада завуч қайғылы даусымен «ұлы көсем» туралы айта бастап еді,  сөзінің соңын аяқтай алмай, өксіп жіберді. «Өтірік. Әкем «Сталин ит, өлексе» деген. Ал, завуч болса, ақыр заман келгендей таусылады. Жасанды» деп ойладым. Завуч өксіген қалпы линейкадан сытылып шыққанда, мен ерінбей оның соңына түстім. Қарасам, ол бос класқа кірді де басын қабырғаға соғып, одан әрі өкіре  жылады.  

Әке-шешем өздерінің туған ауылы Ай-Серез туралы көп айтатын. Ол жерде әр жартастың өз атауы болатын, ал теңіз толқыны тіпті үйдің есік алдын шайып жататын. Шындығына келгенде Ай-Серезден теңізге дейінгі қашықтық бақандай жеті шақырым. 

Институттан мені даңғаза даумен қуып шықты: декандар мен партиялық-комсомол активі бірлескен ректорат жиынына салды. Таққан айыптарының түрі – мен машинкаға басылған «XIII-XVIII Қырым мәдениетінің қысқаша тарихи очергін» студенттерге таратыптым. Олар бұл еңбекті «әсіре ұлтшылдыққа және советтік жүйеге қарсы» деп бағады. Менің сөзім: «Сіздер ең алдымен тақырыбын неге оқып алмайсыздар? Он үшінші және он сегізінші ғасырларда Совет билігінің иісі де болған жоқ!». Мен барынша қорғауға тырыстым, алайда олар мен коридорға шығарып жіберді. Бес минуттан кейін ректор кабинетіне қайта шақырды. Кірсем, ректордың қасында мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің полкивнигі отыр. Қызықты қарасаңызшы, талқылауда бұл полковник болған жоқ, ал мен коридорда отырғанда қасымнан өткен емес. Сірә, жиында ол терезе жапқыштың артында тұрса керек. «Егер сіз өз ойыңыздан айнып, бұдан былай дұрыс совет адамы боламын деген өтініш жазсаңыз, біз сізді институтта қалдыру, қалдырмау мәселесіне ойланар едік» деді ректор. Мен: «Сіздерді тұңғиық ойға қалдырмас үшін құжаттарымды қай уақытта алып кетсе болады?» дедім. КГБ-нің полковнигіне бұрыла қарап, «Сіздің  контрревалюциялық кезекті жеңісіңізбен құттықтаймын» деп қостым. Ашуланғаным соншалық оған жұдырық ала жүгірмесем деп қорықтым. Ал, ол болса, менің соңымнан «сұмырай» деп міңгірлеп қала берді. 

Адам бір жерде ұзақ өмір сүрсе, еріксіз оған үйреніп, туған жеріндей көріп кетеді. Алайда, Өзбекстанға менде ондай сезім жоқ: мені бірінші тұтқындағанда Ташкенттің түрмесіне қамады, содан болар Өзбекстан мен үшін түрме секілді. Ондағы қарым-қатынас айтарлықтай жиркенішті еді. Мен жеті рет сотталдым, мерзімнің  біраз бөлігін Ресейде өтедім, Ташкенте де жеткілікті отырдым. 

Алғаш рет мені Совет әскеріне барғым келмегенім үшін қамады. Жүздері жайнаған жандардың арасынан көзді ашып жұмғанша қара түнек қапасқа түстім. Қабақтары қатулы толған адам. Камера ішінде уайымдап, ары бері жүрген едім, төсекте жатқан бір дөкей «Жерлес, неменеге жүгіріп жүрсің? Орныңа бар, демалуға кедергі жасама» дегені. Камерадаға өмірің алғашқы сәттегі қимылыңа байласты екенін мен білетінмін. Оларға қорыққаныңды білдірсең, күн жоқ  деген сөз. Қолын айқастырып, шалқасынан жатқан, менен екі есе жалпақ әлгі дөкейге жақындап барып, «Сен маған айтып тұрсың ба?  Үйіңде демаласың, сүмелек! Бұл саған демалыс үйі емес» деп айғайлап бердім. Жергілікті жердің тәртібін мен алдын ала зерттеп, дайындалған едім.   

Мен тоғыз ай бойы аштық жарияладым. Бір апта бойы нәр татпайсың. Сосын дәрігер келіп, тексереді. Кеудеңнен жаның, аузыңнан мәйіттің иісі шыға бастаса, күштеп тамақтандыра бастайды. Күзетші қолыңды қайыра ұстап, санитарлар аузыңа жақкергішті салып, одан шланг өткізіп, сол арқылы сұйық қорек құяды. Қарсыласуға болмайтынын бірден түсіндім. Қарсылассаң, жақкергіш тістеріңді үгітіп түсіреді немесе өңешіңді күйдіру үшін шлангқа ыстық су құя салады. Аштық ұстау – кісі жалықтыратын іс, жалғыздық камерасы, сегіз күнде бір рет күштеп тамақтандырудан басқа іс жоқ. Рас, шыдамың шытынап, еріксіз  тамақ жей бастауың үшін камераға бір тілік «колбасаны» әдейі тастап қояды. 

Омск түрмесінде шыдамаспын, төзбеспін деген үрей болды. Сол себепті, кез-келген сәтте  тамырымды қиып жіберу үшін үнемі «лезвие» ұстап жүрдім. Кезекті бір тінтуде  оны тауып алды. Мен үшін бұл аса ауыр соққы болды: тығырықтан шығар бір есігімнен айырылдым.

Сотталғандар камерада үнемі домино ойнайтын. Бір жолы жеңілген күзетшінің үстіне қайнаған ыстық су құйсын деген бәске ойнадық. Хрущев есімді ит мінезді біреуінен басқа күзетшілер етікпен жүретін. Олар есікке жақындағанша аяқ киімнің тықырын естіп, тиым салынған дүниенің бәрін тығып үлгереміз. Ал, етіксіз жалаң аяқ аңдып келетін Хрущев базардың төбесінен түсіп, басшыларына арыз тасыйтын. Түстікте басқа күзетшілерден ерекшеленіп, суптың орнына қайнақ су бергізетін. Онымен қоймай, тамақ беретін терезеге басын сұғып, ішке қарап тұратын. Осындай сәттің бірінде доминодан жеңілген әлгінің басына ыстық су құйып жіберді. Шошқаша шыңғырды. Күзетшілер де жетіп келді: «Құйған кім?» Камерада жиырма алты адам. Жеке жеке шақырып, сұрақтың астына алды. Соңында маған да кезек келді. Кабинетке кірсем, жап жас сілімтік  тергеуші отыр: «Қалың қалай? Жағдайың жақсы ма? УДО-ға (мерзімнен бұрын босау) шыққың келе ме?». «Кімнің шықысы келмейді?»– деп жауап қаттым. «Онда,– деді ол, –егер сіз бізге көмектессеңіз, бізде сізге көмектесеміз. Мүмкін, әлде кім де нашақорлық заттар немесе қашқысы келіп жүрген ойлары бар шығар, а?». «Сен жерлес, мені тоқылдақ жасамақсың ба? Мені босату үшін сендерге қанша әшкерлеу хат жазуым керек? Сонша әшкерлеухат жазсаң, бостандыққа шығарам деген сенімхат бер маған. Әйтпесе, бір адам уәдеге тек ақымақтар ғана сенеді деген» деп жауап бердім. Тергеуші: «Мұны саған айтқан қандай ақымақ?» деді. Менің жауабым: «Ленин!   22 том, 315 бет. Сен менен тоқылдақ жасамас бұрын алдымен не үшін сотталғанымды бір қарап алсаңшы». 

Совет уақытында сенің сотталғаның туған-туыстарыңа тікелей кері әсер ететін. Отырған саған оңайлау. Ал, кездесуге рұхсат алу үшін кеңседен кеңсеге шабылып жүрген әйеліңе қиын. Туғандарыңмен салыстырғанда тергеушілердің дөрекі сөздерін де естімейсің. Ал, жақындарыңа «сәлемдеме алып келме» деп тиым сала алмайсың. Себебі, бәрібір олар тоқтамай тасый береді.  

Мен Якутияда айдауда жүргенде үйлендім. Әйелім декабристка секілді маған өзі келді. Біздің қозғалыстың мүшесі еді, хат жазысып жүріп таныстық. Бастапқыда ол маған ақпарат жіберді, сосын мен суретін сұраттым, одан кейін саңырауқұлақ жинауға қонаққа шақырдым. Кейіннен әйелім «Үш жүз үш күн тамақ ішпегенің үшін мен сені жақсы көріп қалған едім. Саған күн сайын тамақ дайындау керектігін Якутияға келгенде бір-ақ білдім ғой» деп қалжыңдады.  

Ең алғаш 1973 жылы Қырымға ұшып келгенде қасымда жас қыз отырды. Әуежайда ол менен «Біздің Симферополь қалай екен?» деп сұрадым. «Ал, сізге біздің Қырым қалай?» деп қарымта сұрадым. 

Ең алғаш келгенімде Қырымның сұлулығына емес, салпаңқұлақтардың аңдуларына таң қалдым. 

«Қырымға мені енді қайтіп жібермеу» деген шешімді Мәскеу өтірік деп терістеп жатыр. Алайда, Симферополь әуежайында маған: «Ресей аумағына енуге бес жылға тиым» деген қағаз берді. Оған менің күлкім келді: Магаданнан 26 жыл бұрын келдім,  Ресей жеріне енді қайта бару ойымда да жоқ!  Алайда, Қырым Ресейдікі болады, оны менен тартып алады деп кім ойлаған, кім білген.

Маған бір ақымақ түстер кіреді: мысалы,  Саддам Хусейнмен сөз таластырып жүремін. 

Мен Путинмен телефон арқылы жарты сағаттай сөйлестім. Қырымда қан төгілмеуіне, әлде кімдердің арандатуына ұшырамауымызды өтінді. Мұндай көзқарас құптарлық, себебі ешкім Қырымда қан төгілгенін қаламайды.  Ал, әлде кімдердің арандатушылығы болмас үшін ең алдымен Қырымдағы ресей әскерін алып тастап, меджлис басшыларымен келіссөз жүргізу қажеттін айттым. Путин өте қызық түрде жауап қатты: «Сізден басқа сөз күтпеген едім. Кез келген дені түзу адам, отанының нағыз патриоты сіз секілді жауап беруі міндетті. Бірақ, референдум өткізіп, Қырым халқының пікірін біліп көрейік». Менің бұл жерде қырым-татарлары деген байырғы ұлты бар, олар референдум нәтижесін мойындамайды және салдары қандай болса да, бойкот жасауларын тоқтатпайды деген уәжімнен нәтиже шықпады.  

Мен әрине, Құдайға сенушімін, алайда күніне бес уақыт мешітке бара бермеймін. Жұма сайын үнемі бара алмаймын, ал мерекелік кездері міндет. Дегенмен, өзім Сауд Арабиясына үш рет умра қажылыққа барғам. 1996 жылы ең алғаш Кағбаға барғанымда біздің өкіл маған «Мустафа аға, Кағбаны бірінші көрген адам аса игі  арманын Аллахтан сұраса, ол орындалады» деді. Кейіннен ол «егер құпия болмаса, Алладан не тіледіңіз?» деп сұрады. «Украина жерінде ұлттық-территориялдық автономия тіледім» дедім. Ол болса, «Мұстафа аға, не істедіңіз?» деп айғайлап қала берді. 

Көптен бері жылауды ұмытып қалғандай едім. 1992 жылы біздің мешіттің қасындағы қолдан салынған жер үйде газ баллоны жарылды. Өрт кезінде 2 бала қаза тапты. Біз меджилистен келіп, күлге айналған үйдің орнына сипап қалдық. Балаларды алып кеткен екен, ал мен шала жанған оқушы дәптерін тауып алдым. Өзімнің есімде жоқ, кейіннен достарым айтты: «Дәптерді қалай парақтай бастап едің, көзіңнен солай жас сорғалады». 

Өмірімде бұдан кейін үлкен қателік жасамадым.

«Алтын допты» алған тұңғыш мұсылман футболшы
«Nur Otan» партиясы төрағасының орынбасары «нұрботтарға» қатысты сұраққа жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу