Назарбаев туралы фильмге бюджеттен 2,7 миллиард теңге жұмсалған

Oinet.kz 24-09-2022 1147

Нұрсұлтан Назарбаев туралы деректі фильм «Қазақстанның тұңыш президенті – Елбасы қорының» тапсырысымен түсірілген, деп жазады Власть сайты.

Screenshot_11.jpg

Бұл ақпаратты Ұлттық киноны қолдау орталығы растады. Назарбаев жайлы фильмді режиссер Оливер Стоун түсірген. Ұлттық киноны дамыту орталығының мәліметіне сәйкес, орталық жобаны өндіру, таныстыру және тарату бойынша операторлық қызмет көрсету туралы Елбасымен келісім жасасқан.

Ал шарттың жалпы құны 2,7 миллиард теңге. Фильм түсірілген уақытта «Оливер Стоунның деректі фильмі – Қазақстан» деген атау алса, 2021 жылы «Qazaq: Алтын адам хикаясы» деген атаумен жарыққа шықты.

Аймағамбетов тағы бір құпиясы көпшілікті сүйсіндірді
Путин Назарбаевты не үшін жек көретіні белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу