Премьер-министр ауыл мектебінде оқитын оқушылардың мәселелерін шешіп тастамақ

Oinet.kz 03-10-2022 1119

Премьер-министр Әлихан Смайылов "Қазақстан халқына" қорына ауылдағы оқушыларға планшеттер сатып алуды тапсырды, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Screenshot_12.jpg

Смайылов үкімет үйінде "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыру бойынша кеңесте оқу процесін цифрландыруды тездету қажеттігін мәлімдеді.

"Оқулықтарды цифрлық форматқа көшіруді жеделдету және балаларды ауыр сөмкелерден арылту қажет. Сондай-ақ әкімдіктермен бірлесіп, оқушыларды планшеттермен қамтамасыз ету мәселесін шешуді қолға алу керек. Атап айтқанда, "Қазақстан халқына" қорымен бірлесіп, оларды ауылдық мектептердің балалары үшін сатып алу мүмкіндігін пысықтау керек", - деді премьер.

Путин Нью-Йорк қаласын жер бетінен жойып жібермек
Зеленский мен Илон Маск айқайласып қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу