Шымкенттегі «Меганы» кім сатып алды немесе түйелерді жел шайқай бастады ма?

Oinet.kz 01-05-2019 1434

1455119313s9bb5.jpg

40 миллион долларға сатылған Шымкенттегі  "Мега" орталықтың жаңа қожайыны кім? Неге «Astana Group" компаниясы өз иелігіндегі нысандарды сатып жатыр? Нұрлан Смағұловтың не ойлағаны бар?

Сенімді дерек көздеріне сенер болсақ, Оңтүстік Қазақстан облысының орталығындағы бірден-бір ірі сауда орталығын  Ерметов Гайбилла Назарметович есімді кәсіпкер азамат сатып алыпты. Ол бүгінде аты танымал «Дани-нан» корпарациясының қожайыны. 1996 жылдары ұн шығаратын диірмен ретінде құрылған компания қазір қанатын кеңге жайған. Содан да болса керек, Г.Ерметов үшін «Мега-орталықты» 40 миллион АҚШ долларына сатып алу аса қиынға соқпаған сияқты. 

Ал «Меганың» бұрынғы қожайынына осынау сауда орталығын сататындай басына не күн туды дерсіз? Айтайық, Шымкенттегі ғана емес, Қазақстандағы өзгеде «Мега» сауда орталықтарының иесі болып саналатын «Astana Group"  компаниясы (иесі- Нұрлан Самағұлов) бүгінгі таңда қаржылық дағдарысты бастан мықтап кешіре бастаған сияқты. 

Оған себеп, Шымкенттегі ғана емес, өзге де  облыстардағы нысандарын саудаға шығаруда. Мысалы, Ақтөбедегі «Мега» орталық қазір саудаланып жатыр екен.

Нұрлан Смағұловтың айтуынша бұл сауда оратылқтарын салу, жұмысын жүргізу үшін кезінде Қазақстанның Халық Банкінен үлкен мөлшерде несие алынған. 2012-2013 жылдары несие төлеу қиындығын жеңілдету үшін, мемлекеттік  субцидия да компания тақымында кеткен.  Бұл орталықтар Н.Смағұловтың айтуынша  15-17 жылдан соң ғана пайда әкелуі мүмкін. 

Айта кету керек, Шымкенттегі «Мега» орталық 2007 жылы пайдалануға берілген болатын. Осы жылдар аралығында  «Мега» орталық мемлекет бюджетіне салық түсімі ретінде 6,2 млрд теңге төлеп келген. 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылған.

 Жалпы Н.Смағұлов  «Astana Group» компаниясына тиесілі, жылына 30 млн доллар пайда әкеліп тұрған «Зерновая индустрия» компаниясын да былтыр сатып тыңған.

Ал жақында  Қазақ Үкіметінің вице-премьері Бердібек Сапарбаев Нұрлан Смағұловқа Талдықорғанда  мектеп, балабақша салып бергені елге анағұрлым пайдасы тиетін шаруа екенін есіне салған.  

«Қазақстанның әр нүктесінен Мега-орталықтар сала бергенше, тек саудамен айналысқанша, өзінің туған жеріне пайдасын тигізіп, әлеуметтік маңызы үлкен нысан салуына болмай ма?!» деп кезінде Н.Смағұловтың қалай байығанын де есіне бір салып өткен-ді. Бердібек Сапарбаев нақты ұсынысты да айтып салды. «Көп коттедждің бірін балабақшаға айналдыр» деуіне негіз жоқ емес. Себебі, Алматы облысында балабақша тапшылығы сезілуде.

Әрине, онсыз да өз иелігіндегі нысандарды сатып жатқан Н.Смағұловтың балабақша салғаннан кедейленіп қалмасы анық. Дегенмен, «Astana Group" компаниясының басына аяқ астынан қара бұлт үйіріле кеткені түсініксіз. Әлде, шынымен-ақ, қаржылық дағдарыс, қаржылық қиындықтар қазақстандық бай-бизнесмендерді айналдыра бастағаны ма?

«Түйені жел шайқаса, ешкіні көктен ізде» деуші еді мұндайда қазекем. Қолында «Мега» орталық тұрмақ, тышқақ лағы жоқ, қарапайым халық қайтер екен, и?!

Мұрағаттан, 2015 ж

Пәкеев проблемалардың бар екенін жасырған жоқ
«Бiрiншi кезекте облыс әкiмiнiң басы кетедi»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу