Түркістанның әкіміне қосымша құзыреттер беріледі

Oinet.kz 02-02-2023 534

Алдағы уақытта Түркістан қаласының әкімі мен мәслихатына қосымша құзыреттер беріледі. Қазір «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң жобасы дайындалып жатыр. Бар мәселе осыдан кейін белгілі болады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласының халқымен кездесуінде мәлім етті.

Screenshot_3.jpg

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан өңіріне жасаған жұмыс сапарында Түркістан қаласына ерекше мәртебе беруді тапсырған еді. Бұл бағытта тиісті жұмыстар басталып кетті. Бүгінде «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң жобасы дайындалып жатыр. Осы заң қабылданған соң, қала әкімдігі мен мәслихатына қосымша құзыреттер берілетін болады. Бұл тұрғындардың күрделі мәселелерін тез арада шешуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы, сауда және қызмет көрсету сұрақтары қала деңгейінде дербес шешілетін болады, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Оралбек Ботбай Мәжіліс сайлауына түседі
Шымкент әкімдігі иттерді піштіруге 140 миллион теңге бөлді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу