Олжас Сүлейменов "Қазақстан халық конгресі" партиясының төрағасы болып сайланды

Oinet.kz 06-02-2023 538

Алматыда "Қазақстан халық конгресі" жалпыұлттық қозғалысының съезі өтті. Ел аймақтарынан келген бастамашыл топтың мүшелері бағдарламалық құжаттар мен дамудың негізгі бағыттарын талқылады.

Screenshot_2.jpg

Съезге еліміздің әр өңірінен барлығы 1 500-ге жуық делегат келді.

Партия бағдарламасында экономика, экология, денсаулық мәселесі, сапалы білім беру бағыттары қамтылған. Олжас Сүлейменов бастаған белсенділер бар тәжірибе мен күш-қуатты азаматтық қоғамды біріктіруге бағыттайтындарын жеткізді.

Олжас Сүлейменов бірауыздан партия төрағасы болып сайланды.

Партия Жарғысының жобасы да бірауыздан мақұлданды.

Еске салайық, былтыр мамыр айында Олжас Сүлейменов "Қазақстан халық конгресі" партиясы қайта құрылатыны туралы айтқан болатын.

Асхат Аймағамбетов жемқорлықты жоюдың ең оңай жолын ұсынды
Мемлекет басшысы Үкіметке Түркияға шұғыл көмек көрсетуді тапсырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу