Түркия мен Сирияда жойқын зілзаладан қаза тапқандар саны 33 мыңнан асты

Oinet.kz 13-02-2023 462

Түркия мен Сирияда жойқын зілзаладан қаза тапқандар саны 33 мыңнан асты.

Screenshot_3.jpg

Түркияда 155 сағат үйіндінің астында жатқан 8 жасар бала үйінді астынан аман құтқарылды. Зардап шеккен бала ауруханаға жатқызылды.

Еске салсақ, 6 ақпанда Түркияда жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жүздеген афтершокпен жалғасқан жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде де сезілді. Соның бірі – Сирия, ондағы құрбандар саны 3 574-ке жетті. Ал Түркияда зілзаладан көз жұмған саны 30 мыңға жуықтады.

Айта кетсек, Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары да Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар 7 адамды құтқарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Қайтыс болған 39 адамның денесі үйінді астынан шығарылды.

Ақтауда мұғалімдер Түркияда зардап шеккендерге көмекке күштеп ақша жинатып жатқанын айтты
Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі қамауға алынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу