Шымкенте тағы бір басқарма басшысы парамен ұсталды

Oinet.kz 22-06-2023

загруженное.jpg

Шымкент қалалық әкімдігіне қарасты басқарманың басшысы ұсталды. Бұл туралы антикордың Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастығы Дәурен Ерғарин хабарлады.  

-Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қаланың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.  Ол мегаполистің әлеуметтік маңызы бар бағыттары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау кезінде бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін кәсіпкерден 13 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. Соттың санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды.  Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі,-деп жазған департамент басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Мамырдың басында антикор қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшы құрамына қатысты бірқатар қылмыстық істерді тергеліп жатқанын хабарлаған болатын.  Дәлірегі басқарма басшысы қызметтік міндеттерін орындау кезінде жалпы қамқорлығы үшін бөлім бастықтарынан 200 мыңнан 800 мың теңгеге дейінгі мөлшерде пара алды деп күдіктелуде. Оның орынбасары мен бөлім бастығы алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында жер учаскесін мемлекеттік алып қою кезінде бюджет қаражатымен кедергісіз ақы төлегені үшін кәсіпкерден 5 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.



Министр Сүлейменова Мырзахметовтен әулие ме?
Назарбаев пен Лукашенко не туралы сөйлесті?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу