Тоқаев халыққа сөзі өтімді азаматтарға ескерту жасады

Oinet.kz 24-10-2023 445

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың арасына іріткі салатын және тұрақтылыққа сына қағатын кез келген сөз бен әрекетке қатаң тосқауыл қойылатынын айтты, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Screenshot_32.jpg

"Біз біртіндеп қоғамды өзгерту және демократия қағидаттарын енгізу жолынан айнымаймыз. Әлемде саяси және экономикалық ахуал құбылып тұрған заманда заң және құқық үстемдігін қамтамасыз ету өте маңызды.

Мемлекет радикализмнің, экстремизмнің, құқықтық нигилизмнің және тұрмыстық вандализмнің кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік саясатын ұстанатын болады. Еліміз өктемдік пен өшпенділікке, қоғамдық тәртіпті аяқ асты етуге, зорлық-зомбылыққа шақыруға, азаматтардың ар-намысын таптайтын әрекеттер жасауға жол бермейді.

Заңға қайшы келетін, азаматтардың арасына іріткі салатын және тұрақтылыққа сына қағатын кез келген сөз бен әрекетке қатаң тосқауыл қояды. Бұл талапқа бағынбау мемлекетке де, қоғамға да қарсы шығу деп бағаланады. Мұны бәрін, әсіресе, ел алдында жүрген және халыққа сөзі өтімді азаматтар терең түсінуі керек", - деді Президент.

«1990 жылы 25 қазан сағат 18.55-қабылданған маңызды шешім»: Қайта оралған Республика күні
«Назарбаевтың тапсырмасымен орындаған едім»: Ғалым Байназар жазықсыз түрмеге қамалғаны жайлы айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу