Шымкент әкімдігі Премьердің тапсырмасын орындай алмады

Oinet.kz 04-11-2023 773

398171107_1136736734152480_2605803728176445585_n.jpg 

Шымкент қаласының  әкімі Ғабит Сыздықбеков құрылысы жүріп жатқан жаңа әуежай терминалына барып, бір ай бұрын берген тапсырмаларының орындалу барысы мен жұмыс қарқынын бақылап қайтты.

Шымкент қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша,

шаһар басшысы сала мамандарымен кездесу кезінде әрбір нысан құрылысы белгіленген мерзімде тапсырылып қана қоймай, сапалы шығуы тиіс деп шегелеген.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, жолаушылар терминалы құрылысының 1-кезеңі аяқталды. Шатыры монтаждалып, қасбеті жаңғыртылды.

Сонымен қатар жаңа әуежайға инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. 800 жұмыс қолы тартылған.

Жаңа терминалдың жалпы ауданы 40 800 шаршы метрді құрайды. 24 эскалатор, 2 трафик, 24 жеделсаты, заман талабына сай келетін 4 галерея қарастырылған. Барлығы жеке инвестор есебінен салынуда.

Аэропортта жолаушы өткізу қабілеті сағатына 200 адам болса, жаңа терминал іске қосылғаннан кейін бұл көрсеткіш еселеніп, 2 000 адамға артады.

Қазіргі таңда перрон құрылысын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы берілді. 6 гектар аумақта тиісті жұмыстар атқарылуда.

Әуежай құрылысының 2-кезеңі 2024 жылы аяқталып, ел игілігіне беріледі.

Естеріңізде болса, биыл қаңтарда Шымкентке келген сапарында Премьер-министр Әлиханг Смайылов құрпылысы кешеуілдеген Шымкент әуежайының  жаңа терминалында болған.

-Жаңа терминал салу 2018 жылы тапсырылған болатын. Не себептен әлі күнге дейін пайдалануға берілмей отыр? Қалаға немесе елге келген туристер мен қонақтар ең алдымен әуежайдың жағдайына назар салады. Сол себепті тез арада жаңа терминалды пайдалануға беру керек, — деген Премьер әкімдікке жұмыстардың барлығын мүмкіндігінше тезірек аяқтап, құрылыстың одан әрі созылуына жол бермеу қажеттігін атап өткен еді. Алайда байқағандарыңыздай, Шымкент әуежайының жаңа терминалы биыл аяқталмайтын болып отыр.  


10 жылға сотталған Кентаудың бұрынғы әкімі түрмеден 15 ай ғана отырды
Әкім сайлауы: Мақтааралда көпбалалы аналар өз таңдауларын жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу