Аюповтың үкімі күшіне енді

Oinet.kz 06-11-2023 617

 photo_285316.png

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы Кентау қаласының бұрынғы әкімі Рашид Аюповқа шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды. Аюповтың жазған апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады. Заң бойынша алқаның қаулысынан кейін үкім заңды күшіне енді. Енді тараптарда Жоғарғы сотқа кассациялық шағым жазу құқығы бар.

Рашид Аюповты тамызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты  ірі көлемде алаяқтық жасау бабы бойынша кінәлі деп тауып, 10 жылға бас бостандығынан айырған болатын.  Сот үкіміне қарағанда, ол 2013 жылы белгілі бизнесмен Сайдулла Қожабаевқа тендерге қатысты уәделер беріп, одан 2,8 миллион доллар алған. Алайда уәдені де орындамаған, ақшаны да қайтармаған. Аюпов бұдан кейінгі жылдары Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы, Түркістан қаласының әкімі, Түркістан облысы әкімінің орынбасары, Кентау қаласының әкімі қызметтерін атқарған.      

  

 

 


Созақ: Соғыс ардагері сайлауда дауыс берді
Сайланған әкім қызметіне кірісті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу