Сыздықбеков тағы бір тағайындау жасады

Oinet.kz 23-11-2023 541

 Screenshot_1.png

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша, қала әкімінің өкімімен Олжас Пердебайұлы Тәжібаев Шымкент қалалық Құрылыс басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Олжас Пердебайұлы 1988 жылы 23 тамызда Алматы облысы, Қарасай ауданында туған. Қазақ бас-сәулет құрылыс академиясын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — құрылыс.

Еңбек жолын 2011 жылы «МКО Просто Кредит» ЖШС несие маманы болып бастаған.

2012-2022 жылдары жеке секторда және мемлекеттік органдарда жауапты басшылық қызметтер атқарған.

2022-2023 жылдары Алматы қалалық Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

 


Нұрсұлтан Назарбаев: «Тарих бәрін айтады»
Депутат: Судьялар сайланатын болса, Сарыағаштағы қыз педофилдің қолынан өлмес еді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу