Түркістан облысында жылыжайлар құрдымға кетіп бара жатыр

Oinet.kz 24-11-2023 528

 24fc469d00a947430a148fd53f9a501c_original.32069.jpg

«Respubliсa» және «Ауыл» партиясының Мәжілістегі депутаттары Түркістан облысындағы жылыжай мәселесіне алаңдап, үкімет жетекшісі Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдады.

-Осыдан екі апта бұрын Түркістан облысына сапарым аясында оңтүстік өңірдің шаруаларының құрылтайына қатыстым. Халықта шешімін күтіп отырған мәселе көп. Соның бірегейі – жылыжай мәселесі. Сала әбден құлдыраған. Елімізде 1,2 мың гектар жылыжай кешені бар. Олардың 80%-ы Түркістан өңірінде шоғырланған. Осы жылыжайлардың 90%-ы фермерлік жылыжайлар. Олар бүгінде 10 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Соңғы екі жылда жылыжай саласы құрдымға кетіп барады. Шаруалар жылыжайларын бұзып, қаңқасын темір-терсекке өткізіп жатыр. Себебі, шоғырланған мәселелерін шешуде Үкімет тек уәде берумен шектеліп отыр. Аграрлық несиелік корпорация тарапынан фермерлік жылыжайларды арнайы жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы әзірленбеген. Шаруалар кәсібін жүргізуге микроқаржы ұйымдарынан 45 %-бен несие алуға мәжбүр. Осы уақытта шаруалардың жартысы несиесін жаба алмай банкрот жағдайға жетті. Мысалы, қысқы уақытта жұмысты жүргізу үшін Түркістандық жылыжайшыларға 450 мың тонна көмір керек. Облыс әкімшілігі мен Энергетика министрлігінің көмір кеншілерімен арзандатылған бағамен көмір алуға келіскен лимиті 150 мың тоннадан аспайды. Ол да жеткізу шығындарын, делдалдардың қосатын бағасын есептегенде тоннасына 25 мың теңгеге шығады (былтырғы баға — 17,6 мың теңге). Шаруаларды тығырыққа тіреп отырған ең басты мәселе — маусымдық импорт. Былтырдан бері шаруалар Түркіменстан мен Өзбекістаннан 20.11.2023 ЭҚАБЖ МО (7.23.0 нұсқасы) демпингтік бағамен қызанақ пен қияр кіріп жатқанда дабыл қағып, Үкіметтен шара қолдануды сұрады. Алайда еститін құлақ болмады. Биылдан бастап біздің жылыжайшылар қызанақ өсіруді қойды, себебі шығынын ақтамады. Ал нәтижесін қазір көріп отырмыз. Дәл қазір базарға барсаңыз килограмы 1000 тг төмен қызанақ таппайсыз. Ал жаңа жылда үстелдеріңізге қызанақ пен қиярды еттің бағасымен сатып алып қоюға дайын отырыңыздар. Осы орайда, орынды сұрақ туындайды: неге сол импортерларыңыз былтыр 200 тг сатқан қызанақты қазір 800 теңгеден сатады? Қалыптасқан жағдайда шаруаларды кешенді қолдау мақсатында Үкімет тарапынан келесі ұсыныстарды қарап, жедел шешімдер қабылдауды сұраймын. Біріншіден: Жылыжай саласында шаруаларға қаржылық сауықтандыру жүргізу және жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасын әзірлеу қажет. Ол үшін Аграрлық несиелік корпорациясы арқылы «Кен дала» бағдарламасы аясында жылыжай саласына қаражат бөлу маңызды қадам. Екіншіден: Импортталатын жылыжай өнімдеріне шекарада бақылауды күшейту, толыққанды фитосанитариялық шараларды қабылдау және маусымдық кезеңдерде кедендік баж салығы көлемін ұлғайту арқылы өз шаруаларымыздың мүддесін қорғау. Үшіншіден: Премьер-Министрдің деңгейінде көмір кенін игерушілерді жинап, жылыжайшыларға қажет көмірді жеңілдетілген бағамен жеткізу сұрағын қарау. Бұл азық-түлік қауіпсіздігінің мәселесі. Демек бұл мемлекеттік, керек десеңіз ұлттық мүдде. Төртіншіден: Былтырдан бері уәде етілген жылыжайларды субсидиялау ережелері мен нормативтерін қабылдауды тездету керек. Облыстық бюджеттен субсидиялауға бөлінген қаражат 500 млн. тг, ал жалпы қажеттілік 2,5 млрд. тг асады. Осыған орай, қосымша қаражат көздерін қарастыру қажет. Депутаттық сауалды қарап, қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жазбаша жауап беруіңізді сұраймыз,-делінген хатта.  


Депутат: Судьялар сайланатын болса, Сарыағаштағы қыз педофилдің қолынан өлмес еді
Аида Балаева халыққа үндеу жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу