Шымкент прокуратурасы мемлекетке 116 гектар жерді қайтарды

Oinet.kz 15-12-2023 594

75037346-50cd-45ed-8092-96a9423a62e4.jpg

Шымкент қаласының прокуратурасы өз келісімшарттық міндеттемелерін орындамаған 17 жер қойнауын пайдаланушыны анықтады. Бұл туралы аталған ведмостваның баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, мемлекеттен пайдалы қазбалары бар жерлерді алғанда жер қойнауын пайдаланушылар бірқатар шарттарды, оның ішінде әлеуметтік сипаттағы шарттарды орындауға міндеттенеді.

Алайда барлық жер қойнауын пайдаланушылар өздерінің келісімшарттық міндеттерін адал орындамаған.  

Осыған байланысты прокуратура қасақана бұзушыларға қатысты шаралар қабылдау бойынша қадағалау актісін енгізіп, нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар 7 келісімшартты бұзып, мемлекетке кадастрлық құны 1 млрд. теңгеден асатын 116 га жер учаскесін қайтарды.

Ал 10 келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушылар оларға жер беру үшін негіз болған 6 млн. теңге сомасында шарттарды орындады.

Сондай-ақ прокурорлар жер қойнауын заңсыз өндірудің 5 фактісін анықтады (ешқандай құқық белгілейтін құжаттарсыз )және кінәлі тұлғалар ӘҚБтК-нің 139-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

 


Назарбаевтың билікке қайта келуі мүмкін емес-депутат
Назарбаевтың Сарыағаштағы резиденциясы: Дауға Тоқаев араласуы керек пе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу