Шымкентте келімсектерге жалған медициналық анықтамалар берілген

Oinet.kz 04-04-2024 264

40438800.JPG 

Шымкент қаласының прокуратурасы көші-қон заңнамасын талдау шеңберінде шетел азаматтары жалған медициналық анықтамалар мен сақтандыру полюстерін ұсыну фактілерін анықтады.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 815 шетелдік азаматқа еңбек қызметіне заңсыз берілген рұқсаттар жойылып, елден шығарылды.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы мен маманы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұрын еңбек қызметін жүзеге асырған 6 мыңнан астам еңбек мигранттарына қатысты осындай бұзушылықтар анықталды.

Жоғарыда аталған бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында уәкілетті орган «Qr» коды арқылы тексерілгеннен кейін ғана медициналық анықтамаларды қабылдау тәжірибесін енгізді.

Шымкент қаласының прокуратурасы 

 


Мақсат Толықбай: Көпірме баяндамалардан көк тиын пайда жоқ
Бір жылда Құлыбаевтардың дәулеті 1,5 миллиард долларға көбейген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу