Бір жылда Құлыбаевтардың дәулеті 1,5 миллиард долларға көбейген
Американдық Forbes журналы миллиардерлердің жаңартылған тізімін ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Forbes нұсқасы бойынша миллиардерлердің жаңартылған тізімінде алты қазақстандық бар екені белгілі болды. Миллиардерлер рейтингінің басында LVMH басшысы Бернард Арно тұр, оның байлығы 233 миллиард долларға бағаланды. Екінші орын 195 миллиард доллар байлығымен Млон Маскқа берілген. Үшінші орынды Amazon басшысы Джефф Безос иеленді - байлығы 194 миллиард долларға бағаланды.
Forbes тізімінде тұрған Қазақстан азаматтарының қатарында Тимур мен Динара Құлыбаевтар, Вячеслав Ким, Тимур Турлов, Владимир Ким және Болат Өтемұратов бар.
Forbes мәліметтері бойынша Құлыбаевтардың жиынтық байлығы 10 млрд долларды құрайды – олар рейтингтің 612-позициясында орналасқан. 2023 жылғы рейтингпен салыстырғанда Құлыбаевтар отбасы байлықтарын 1,5 млрд долларға арттырған.
Kaspi Bank Директорлар кеңесінің төрағасы рейтингтің 511-қатарына орналасты. Оның байлығы 5,8 миллиард долларға бағаланды. Ол сондай-ақ 2023 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда өз капиталын арттырған.
Freedom Holding басшысы Тимур Турлов рейтингтің 991-орнына орналасты - оның позициясы 2023 жылмен салыстырғанда нашарлаған. Бұл ретте ол бір жыл ішінде өзінің байлығын 200 мың долларға арттырыпты. Forbes Турловтың байлығын 3,3 миллиард долларға бағалады.
«Қазақмыс» металлургиялық компаниясының иесі Владимир Ким рейтингке сәйкес жетістіктерімен мақтана алмайды. Оның активтері бір жыл ішінде 700 миллион долларға азайды. Биыл оның байлығы 3,6 миллиард долларға бағаланды.
«Қазақмыстан» басқа Кимнің KAZ Minerals акционерлік компаниясында үлесі бар.
2,7 млрд доллар – 66 жастағы Болат Өтемұратовтың байлығы. Ол рейтингтің 1238-позициясында орналасты және оның жағдайы бір жыл ішінде өзгерген жоқ.
Forbes мәліметтері бойынша, өткен жылмен салыстырғанда әлемде миллиардерлер саны 141 адамға көп. Олардың жиынтық байлығы 14,2 триллион долларды құрайды. Миллиардерлердің көпшілігі АҚШ-та тұрады.