Шымкенттегі №73 мектеп басшылығына қатысты тексеру басталды

Oinet.kz 15-04-2024 246

2023_06_23_4000688c7d9a49bbbf27ac99d2dc1ca5.jpeg

Шымкент қаласы Тұран ауданының прокуратурасы тексеру барысында 6 843 837 теңге сомадағы бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады. Бұл туралы Шымкент қаласының Тұран аудандық прокуратурасы хабарлады.

Бұл ақшалай қаражат 2022-2023 жылдар аралығында №73  орта мектепті ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, ғимаратты жылытып ұстау үшін көмір жеткізуге бюджеттен бөлінген.

Одан бөлек жұмыс атқармағанына қарамастан 2 қызметкерге ай сайын еңбекақы төленіп отырғаны белгілі болды  (өлі жандар).

Аудан прокуратурасы мектеп басшылығына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

 


Викрам Рузахунов: Ешкім жауапкершіліктен құтылмайды
Тоқаев әйел құқықтары мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу