«766 510 теңге»: Қазақстандық шенеунік өзіне заңсыз премия тағайындап, жұмысынан айырылды

Oinet.kz 02-06-2025 218

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы Манарбек Әдиев қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Screenshot_2.jpg

Қадағалаушы орган мәліметінше, бөлім басшысы өзіне заңсыз түрде 700 мың теңгеден астам сыйақы тағайындаған.

"Белгілі болғандай, ол қолданылып жүрген тәртіптік жаза бола тұра, өзіне заңсыз түрде 766 510 теңге көлемінде сыйақы тағайындаған. Бұл дерек бойынша аудан прокуратурасы 2025 жылғы 17 наурызда Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері агнеттігі департаментінің тәртіптік кеңесіне қадағалау актісін енгізді", – делінген прокуратура хабарламасында.

Жәнібек ауданы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заңының 44-бабының 3-тармағына ( Тәртіптік теріс қылықтар және жазалар) сәйкес, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің экс-басшысы  Манарбек Әдиев мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік лауазымынан босатылды.

Прокуратура өкілдері мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелгенін атап өтті.

Тоқаев БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесін сынға алды
Шерзат Полаттың сотында адвокат марқұмдар мен Қаржаубайдың үстінен іс қозғауын талап етті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу