Божко: «Ешкімді ренжіткім келген жоқ. бірақ масылдыққа қарсымын»

Картинки по запросу Божко

Қазақстан мәжілісінің депутаты Владимир Божко "билік көмектесіп жатқандар мемлекетке тізерлеп, алғыс айту керек" деген сөзі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі "Азаттық радиосы" сайтына сілтеме жасап.

Мәжіліс отырысынан шыққан Божко "Ешкімді ренжіткім келген жоқ. бірақ масылдыққа қарсымын. Осыны айтқым келген" деді.

Депутат Азаттық тілшісінің "желіде Божко мырза айтқан сөзі үшін халықтан кешірім сұрауы керек деген пікір айтылып жатыр. Бұған не дейсіз?" деген сауалына ол "тағы қайталап айтамын, масылдыққа қарсымын. Сондықтан солай айттым" деді.

Пікірі желіде сынға ұшырап, жұрт "депутаттан кешірім сұрауды талап еткен". Нұр-Сұлтанда бір топ әйел Ақорда маңына барып, Божконың шығуын талап қылған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әблязов халыққа митингке қатысқаны үшін ақша төлейді ме?
  • Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды
  • Нұр-Сұлтанда көп балалы аналар митингке шықты
  • Мұғалімдердің зейнет жасы төмендетілмейтін болды
  • Мемлекет басшысы «оралман» сөзінен бас тартуды ұсынды
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика