Түркістан облысында 40 жас шамасындағы алаяқ әйел қолға түсті

Oinet.kz 10-09-2019 955

Картинки по запросу воровка женщина

Еліміздің үш облысында кәсіби алаяқтық пен ұрлықпен айналысып жүрген 40 жас шамасындағы әйел қолға түсті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдың наурыз айында Түлкібас АПБ-не сағат 18:30-дар шамасында жергілікті тұрғын әйел арызданады. Ол өз арызында күндізгі сағат 16-лар шамасында белгісіз азаматша алаяқтық жолмен 70-ке жуық алтын бұйымдарын жымқырып, ізін суытқандығын хабарлайды. Аталмыш жайт, аудандық полиция бөлімінің СДТБТ-ға ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркеуге алынып, қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленушіге  келтірілген залалдың жалпы құны шамамен 5 миллион теңге.

Полицейлер күдіктіні қолға түсіру үшін тыңғылықты тексерулерді жүргізіп, жедел іс-шараларды атқарады. Әсіресе жәбірленушінің айтуы бойынша фоторобот жасалып, криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, қылмысты жедел ашуға жұмылады. 

Нәтижесінде, Түлкібастық тәжірибелі сақшылар жарты жыл өткеннен соң Шымкент қаласының көшелерінің бірінен күдікті әйелді құрықтайды. Белгілі болғандай күдікті бағалы әшекей бұйымдарын сататын сатушы әйелдің сеніміне кіріп, сатып алатын заттың ақшасын банкоматтан алып беремін деп, өзімен бірге ертіп алып шығып, артынша өзі қайтадан сауда орнына оралып, бағалы әшекей бұйымдарды жымқырып, оқиға орнынан ізін суытқан.

Полицейлердің анықтауы бойынша ұсталған күдікті әйелдің тұрғылықты мекен-жайы жоқ, жасы 40-қа жуықтаған Орал қаласының тумасы болып шықты. Күдікті осы уақытқа дейін Жамбыл облысы Шу ауданында ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша, Алматы облысы Талдықорған қаласында ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша іздеуде жүрген.

Түлкібастық тұрғыннан алаяқтық жолмен жымқырған олжаларының барлығын күдікті ақшаға айырбастап, өз қажеттілігіне жұмсап жіберген. Бүгінгі таңда күдікті әйел уақытша қамауда. Түлкібас АПБ-нің тергеушілері тергеп-тексеру амалдарын жалғастыруда.

Қазақстанда шетелдік мамандарға берілетін квота санын азайтпақ
Божко: «Ешкімді ренжіткім келген жоқ. бірақ масылдыққа қарсымын»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу