«Болашақ» бағдарламасы бойынша кімдерге оқуға тыйым салынады?

Oinet.kz 16-09-2019 1231

4A22AD7E-B204-42A5-9228-AF404295A0F7.jpeg

Қазақстан басшысы вице-министрлердің бағдарлама аясында мемлекет есебінен оқитынына наразы болды.

 «Болашақ» бағдарламасына қатысу талаптарын өзгерту туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырма берді.

 «Білім және Ұлттық экономика министрлігіндегі министрлердің орынбасарлары деңгейіндегі саяси шенеуніктер өз лаударынан «Болашақ» бағдарламасымен оқу үшін бас тартқан. 45 жастан кейін «Болашақ» бағдарламасы бойынша қандай оқу керек? Президент әкімшілігі бағдарламамен білім беру талаптарына өзгерістер енгізуі керек», - деді мемлекет басшысы.

 Әрине, саяси шенеуніктердің білімін жетілдіруге құқығы бар, деп жалғастырды ол.

 «Олар мұны мемлекет есебінен емес, өз еесебінен жасасын», - деді президент.

Мемлекеттік қызмет дегеніміз - бұл өз елі мен халқына қызмет көрсету, деп санайды мемлекет басшысы.  Осы жолға түсуді ұйғарған мемлекеттік басқарушылар олардың ерекше талаптарға бағынатындығын түсінулері керек.

-Екінші жағынан, мемлекеттік қызметкерлер, шенеуніктер, соның ішінде осы залда отырғандарсыз мемлекет болмайды. Қандай да бір мағынада олар мемлекеттің қолдаушылары, бірақ оларға ерекше талаптар қойылады, - деді Тоқаев дүйсенбіде өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

 «Болашақ» халықаралық стипендиясы 1993 жылы 5 қарашада Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен құрылды.  Бағдарламаның мақсаты - ел экономикасының басым секторлары үшін кадрлар мен мамандарды даярлау.  Бағдарлама академиялық тағылымдамадан өту (магистратура, докторантура), сонымен қатар әлемнің жетекші компаниялары мен университеттерінде ғылыми-өндірістік тәжірибеден өтуді қамтиды.

Берік Уәли, Президенттің баспасөз хатшысы: «Қытай – Құдай қосқан көршіміз»
ҰҚК: «Отандық бензиннің Ресейге шығуын шектеу қажет»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу