Қазақстанның «Түрме Үкіметі»

20181119185647.jpg

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда талай шенеунік сотталды. Әрине,    қармаққа ілінген шабақтан гөрі шортандардың тағдыры көбірек қызықтырады. Темір тордың арғы жағынан министрлер мен әкімдерді де табылады.  Бұл ретте біз мынаны байқадық: сотты болған элита өкілдерінен толыққанды Үкіметті министрлер кабинетін жасақтауға болады екен. Мақтанатын нәрсе емес, әрине. Бірақ, ащы шындық сол – абақтыда кез-келген саланы басқаруға лайық топ-менеджерді табуға мүмкіндік бар. Әлбетте, түрмеге тоғытылған экс-министрлер мен экс-әкімдердің дені қазір бостандыққа шығып үлгерді. Оның үстіне, сырттай сотталып, өздері шетелде қашып жүргендер де жоқ емес. Әйткенмен, барлығы да соттың үкімімен қылмыскер атанып, оларға тиісті жаза тағайындалған.  

Сонымен, «Түрме Үкіметінің» құрамында кімді көрер едік? Премьерлік креслоға бірден екі азамат таласатын түрі бар: Әкежан Қажыгелдин және Серік Ахметов. Өзі бар-жоғы 9 премьеріміз бар еді, солардың екеуі сотты болғаны өкінішті-ақ. 

Енді министрлер портфелін үлестірейік: 

Төтенше жағдайлар министрі – Владимир Храпунов 

Денсаулық сақтау министрі – Жақсылық Досқалиев

Білім және ғылым министрі – Жақсыбек Құлекеев 

Көлік және коммуникация министрі – Серік Бүркітбаев

Ішкі істер министрі – Серік Баймағанбетов

Қоршаған орта министрі – Нұржан Ысқақов

Энергетика, индустрия және сауда министрі – Мұхтар Әблязов

Туризм және спорт министрі – Талғат Ермегияев. 

Жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттік - Өмірзақ Өзбеков

Ветеринарлық бақылау  мен қадағалау комитетінің төрағасы – Сақташ Хасенов

Шыны керек, бұлардың жанында қазіргі Үкіметіміз әлсіреп қалатын түрі бар ма, қалай... Осы тізімдегілердің барлығы да кезінде ел Үкіметінде қызметтерді атқарған. Артынша масқара болған. Әжептәуір-ақ жұмыс істеу қабілетіне ие еді. Қызметін адал атқарып, халықтың игілігіне жұмыс істесе ғой. Әттең, жемқорлықтың жетегінде кете барды.  

Сондай-ақ, бірінші басшы болмаса да, құзырлы органдарда басшылық   қызметтерді атқарғандар да баршылық.  Сондықтан,  «Түрме Үкіметіндегі» Қорғаныс министрлігін Бағдат Майкеев, Бас Прокуратураны  Ілияс Бақтыбаев, Ауыл шаруашылығы министрлігін  Мүсілім Өмірияев «абыроймен» басқара алар еді. 

Темір тордың арғы жағынан әкімдер корпусын да жасақтауға әбден болады. Басқа да салаларды басқарған танымал азаматтар бар. Неткен дарынды да мықты кадрлар десеңізші: 

Атырау облысының әкімі – Бергей Рысқалиев

Қарағанды облысының әкімі – Бауыржан Әбдешев

Ахметбек Ахметжанов – Қостанай қаласының әкімі

Мейрам Смағұлов – Қарағанды қаласының әкімі

«Қазатомпром» ҰК президенті – Мұхтар Жәкішев

Бұл тізімге сотпен кінәлі деп табылып, айыппұлмен құтылып кеткен Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспановты, сот залынан босатылған Павлодар облысының әкімі Ерлан Арыновты, Стастистика жөніндегі агенттіктің төрайымы болған Анар Мешімбаеваны, сол сияқты басқа да көптеген шенеуніктерді де қосыңыз. 

 Соңғы айлардағы оқиғаларға қарағанда, «Түрме Үкіметіндегі» бос «вакансияларға» мықты кадрлар келе жатқан сияқты. Ондағы Ұлттық қауіпсіздік комитетін Нартай Дүтбаев, Ұлттық экономика министрлігін Қуандық Бишімбаев, ал Президент әкімшілігіне Бағлан Майлыбаевтың баратын түрі бар. Темір тордың арғы жағында Бірыңғай зейнетақы қоры құрылып жатса, Руслан Ерденаевтың да кандидатурасы дайын. 

«Рейтинг» газеті, 

2017 ж

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Зорлық-зомбылыққа қатысты жаңа заң жобасы таныстырылды
  • Алматыда есірткі жарнамаланған баннерлер ілініп тұрған
  • Қытай ашаршылықтан қалай аман шықты?
  • Кәмелетке толмаған қызға үйленсең, сотталасың
  • Аружан Саин педофилдердің аты-жөні мен суреттерін жариялауды талап етті
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика