Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке іс-сапармен бармақ

Screenshot_1.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектің 23-25 күндері БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке барады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Oinet.kz

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлаған. Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркке 196 елдің өкілдері келеді.

Ассамбляға қатысушылардың  100-ге жуығы мемлекет көшбасшылары, 80-нен астам үкімет басшылары. Сондай-ақ БҰҰ-ға мүше елдердің сыртқы саяси ведомстволарының өкілдері қатысады. Іс-шара кезінде 630 кездесу өтеді деп күтілуде.

Мемлекет басшысы Тоқаев Бас Ассамблеяның "Кедейлікті жою, сапалы білім беруді, климаттық іс-қимылдарды және жан-жақты тәсілді ілгерілету үшін көпжақты күш-жігерді шоғырландыру" тақырыбындағы жалпы пікірталасқа қатысады.

Бұдан бөлек, ол тұрақты даму мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі саяси форумда сөз сөйлейді.

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, бірқатар елдердің мемлекет және үкімет басшыларымен, халықаралық ұйымдардың басшыларымен, Америка бизнесінің, трансұлттық компаниялардың, АҚШ саяси және сараптамалық топтарының өкілдерімен кездеседі деп жоспарлануда.

"Қазақстан Президентінің БҰҰ АА-ның жоғары сегментіне қатысуы еліміздің бірқатар сыртқы саяси бастамаларын, оның ішінде таратпау және қарусыздану, бітімгершілік, терроризмге қарсы іс-қимыл салаларында ілгерілетуге бағытталған", - дейді Президент баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Еліміздің бірқатар тасжолында көлік қозғалысына шектеу қойылды
  • Норвегияда Елбасының «Эпицентр мира» кітабы таныстырылды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырды
  • Ольга Рыпакова «World Athletics» атлеттер комиссиясына мүше болды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика