Киімді қалай таңдау керек?

Oinet.kz 26-02-2019 1712

626-1476223687-d852f4822d.jpg

Сауда орталықтарына барып, дүкен сөресінде тұрған сол бір киімді ұнатып, содан асқан киім жоқ секілді көрініп, алғанша асығып сатып аласың. Үйге келіп қарасаң онша көңіліңнен шықпай қалады. Ол неліктен? Сол киімді сол кезде ұнаттың, ал үйге келгенде неге ұнамай қалды?

Қалай киім таңдау керек? Киім таңдауда не нәрсеге көңіл бөлу керек?

 Киім таңдай - білу де өнер. Оны да адам бар ықыласымен таңдауы керек. Сондай-ақ арнайы ұшқырлықты қажет етеді. Жаңа киім сатып аларда әрқашан мата құрамына қараңыз. Сатып алатын киіміңіз таза табиғи матадан тігілуі керек немесе табиғи матаның пайыздық үлесі жоғары болуы шарт. Менің ең жиі киетін, әрі жақсы көретін киімдерім жүз пайыздық табиғи мақтадан тігілген киімдерім. Бірнеше жуылғаннан кейін де тез оңып (киімді көп жууға кеңес бермес едім), сондай-ақ тез тозып та кетпейді. Алыстан қараған кезде сапалы киім екендігі көрініп тұрады. Айналамдағылар да қайдан алдың деп үнемі сұрап жатады. Сапалы матадан тігілген киімдер ұзақ уақыт сапасын да, тартымдылығын да сақтайды. Мата құрамын анықтау үшін киіміңіздің ішкі жағындағы қағазға қарайтын болсаңыз, қандай матадан тігілгендігі туралы мәліметтерді көруге болады. Және осы мағлұматтарды ерінбей оқуға кеңес беремін. Қағазға көз жүгіртіп, 100% мақта, жібек, кашемир, жүн немесе 100% былғары деген жазулары бар киімдерді ғана таңдауға тырысыңыз. Сонымен қатар 80% немесе 60% мақта, қалған құрамы басқа маталардың қоспаларынан тігілген киімдерді де таңдай аласыз. Дүкен сөресіндегі киім ұнап жатса қағазындағы мата құрамы туралы мәліметтерге міндетті түрде көз жүгіртіңіз.Бұл артықтық етпесі анық. Өйткені, киімдің киіс беруі де, денеңізге жағымдылығы да соған байланысты.

Дереккөз : anabol.kz

Кілемді қалай күту керек?
Үйді таза ұстаудағы негізгі талаптар қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу