Бақыт туралы тәмсіл

Oinet.kz 28-02-2019 1047

Screenshot_5.jpg

Хинг Ши таңертең ерте өзінің шәкіртімен бақта серуендеп жүрген кезде олардың қасына бір жас жігіт келеді.  Жігіт ұялыңқырап тұрады да, Хинг Ши мен оның шәкіртіне сәлемдесіп болған соң:

— Ұстаз, мен бір қызға қатты ғашықпын, ата-анамыз да қарсы емес сияқты, бірақ мен өзімнен өзім қобалжып, уайымдап жүрмін, - дейді жігіт.  

— Нені уайымдап, неден қорқып жүрсің, — деп сұрайды сол кезде Хинг Ши.

— Мен ол қыздан, отбасылық өмірден көңілім қала ма деп қорқамын... Дұрыс қадам жасап отырғанымды алдын ала біле алмаймын ғой, — деп жауап береді жігіт.

— Үйіңе қайт та, егер шын жақсы көріп тұрсаң, ол да сені сүйіп тұрса, сол қызға үйлен, — деп жауап береді Хинг Ши.

Жігіт дана қарияға алғысын айтып, кетіп қалған соң, шәкірті:

— Ұстаз, ана жігіт көңілім қала ма деп қорқамын десе, неге сіз оған үйленуге кеңес бердіңіз? Біраз кейінге қалдыруға болмас па еді? — деп сұрайды.

— Сен бір нәрсені ұмытпа! Көңіл қалу алда күтіп тұруы мүмкін үлкен бақыт үшін түкке тұрмайтын ақы! — деп жауап береді Хинг Ши.

Дереккөз : anabo.kz

Жүкті әйелдерге арналған пайдалы кеңестер
Жүгірудің адамға қандай пайдасы бар?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу