Талғат Мұсабаев мәңгілік адам ба?

Oinet.kz 13-01-2014 894

Жуырда «Қазақғарыш» агенттігінің басшысы Талғат Мұсабаев Ресейдің «Известия» газетіне берген сұхбатында «Біз «Байқоңырдың» ғарышқа шығатын қақпа болып қала бергенін қалаймыз, ғарыштық жобаларды өз күшімізбен жүргізе бергіміз келеді. Астын сызып тұрып айтайын,  біз Ресейдің «Байқоңырда» мәңгілік қала бергенін қалаймыз» деді. «Протонның» айналаға өте улы гептиль отынымен ұшатынын жұрттың бәріне белгілі. Былтыр жазда «Байқоңырдағы» апаттан кейін қазақтың бір топ белсенділері «Протонның» ұшырылуына үзілді-кесілді қарсылығын білдірген. Ал сіз бен біз жақсы білетін Талғат «Ұша берсін. Бірақ құламасын» дейді.  Қызық екен, ұшқан зымыранның құламайтынына кім кепілдік бере алады?

23ad275b9553d3afe2d6954a00a87cc9.jpg

Бәрінен де бұрын Талғаттың «Ресей «Байқоңырда» мәңгілікке қала берсін» деп, барша қазақстандықтардың атынан сөйлеп жібергені ұяттау болды. Ресейсіз «Байқоңырдың» таңы атпайтынын білдірген түрі. Шарасыздықты, амалсыздықты, Ресейсіз түк бітіре алмасын мойындап тұр ғой. Өте аянышты екен.  Бірақ мәңгілік дегеніңіз өлшемі жоқ шексіз ұғым емес пе? Ешкім де, ешнәрсе де мәңгілік емес. Мұсабаев та. Кеудесінде намысы, басында санасы бар қазаққа жарасатын сөз бе еді осы. 

Спандияр Бекжігітов. Қабыл досымды еске алсам...
Ерулік деген не?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу