Әйелді қандай жағдай дана етеді? Немесе дана әйел болудың жолдары

Oinet.kz 07-03-2019 1169

578-1476212446-d535b591af.jpg

Күйеуге шыққанда күйеуіңді аяп немесе болашақта өзгереді, мүмкін байып кетер, бірден ақыл тоқтатар, ішуді немесе темекі шегуді қойып кетер деп ойлама. Әйелдің кемшілігі- күйеуі қазір жақсы болмағанмен үйленгеннен кейін өзгереді, ол қиындықты жеңе аламын деп ойлауы. Алдымен өзіңді алдама. Отбасын құрғаннан бұл қиындықтардың маңыздылығы артады. Күйеуіңіз қандай болса солай көріп, қабылдауды үйреніңіз. Бұл өмірде тек өзіңді ғана өзгертіп, басқаша жасай аласыз. Бүкіл әлемді өзгертемін дегенше, өзіңізді өзгертуден бастасаңыз. Мына кеңестерге құлақ түріңіз:

Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендия иегері, Психологтардың Қазақ Ассоциация мүшесі, «Жан шуағы» психологиялық орталығының директоры,психолог-практик Елшібаева Күлмаш Ғалымжанқызы:

1. Енді жалғыз емес екеніңді ұмытпа. Маңызды нәрсеге әрдайым күйеуіңді күт, оның пікірін білуге тырыс.

2. Өзі аңғарады деп үміттенбе. Қиял мен шындықтың арасы жер мен көктей. Мысалы, әйел адам күйеуі жұмыстан қайтқанда отбасына қажетті бар затты ала келеді деп күтеді. Ал күйеуіңнің ойында ешнәрсе жоқ. Оны аңғармаған жағдайда әйелдер ашуланып шыға келеді.Күйеуі болған жағдайды түсінуге тырысады. Бірақ, әйел күйеуіңнің неге кінәлі екенін өз тапсын деп үндемейді. Содан ұрыс басталады.

3. Аш кезінде ешнәрсе сұрама, ашуын келтірме. Күйеуің аш кезде маңызды нәрсе туралы сөйлеспе де.

4. Оған қайтсе жақсы болатынын шешпе. Күйеуің үлкен адам, осы уақытқа дейін өзі өмір сүрген. Сондықтан, не киетінін, қайда баратынын, кіммен достасатынын, кімге қалай сөйлесеттінін өзі біледі. Бостандығын шектеме.

5. Ызыңдағыш болма. Көшеде той,бәрі көңілді, бақытты, ал сен «мынау мұндай, анау жөнделмеген» деп ызыңдай берме,бәріне жеңілдеу қара. Бірінші қыдырыңдар,көңіл көтеріп, сәтті уақытты дұрыс пайдаланыңдар, кейін бітпеген жұмысты істеп үлгересіңдер.

6. Ұнамаса өзің істе. Күйеуің үйде бірнәрсені жөндеп немесе жұмыс істеп жатса, басқа бөлмеге кетіп қал, қасында тұрып ақыл айтпа. Ұнамаса кейін жөндеп аласың. Ол қалаған уақытта көңілін табуға тырыс. 

7. Манипуляция жаса. Жақын қатынастан бас тартпа. Өз пайдаңызды ойлап, күйеуіңізді жазаламаңыз.

8. Жеке басын қорлама. Қатты ұрыс кезінде де жеке басына қатысты кемшіліктерін бетіне баспа. Әйелдің күші-әлсіздігіне, дұрысы жауласпау. Бәрібір татуласу керек, ал еркектің жәбірі тереңдеп, ұмытылмайды. Олар көп болған сайын татуласу қиындай береді.

9. Күйеуіңнің анасына сыйламаушылық танытпа. Оның туыстары, әсіресе, анасы туралы жағымсыз әңгіме айтпа. Бақытты отбасы болу көбінесе енеңізге байланысты, сондықтан, достасуға тырысып, сыйлаңыз. 

10. Қызғаншақтықпен күйеуіңді қорлама. Қызғаншақ, күмәнданғыш әйелдер өз отбасын құртып алады. Шектен тыс, себепсізден қызғаныш араға салқындық тудырады.


Дереккөз : anabol.kz

Сүйікті жарыңызға шынайы дос болғыңыз келсе...
Жақсы келін атанғыңыз келсе... Психолог кеңесі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу