Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді

Oinet.kz 30-09-2020

Screenshot_1.png

Әлеуметтік желіде жол жөндеушілердің шалағай жұмысын әшкерелеген бейнежазбалар тарап кетті. Соның бірі- Түркістан облысы Кентау қаласына қарасты Үшқайық елді мекеніне қатысты.  Осы орайда «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК облыстық филиалы мамандары қоғам өкілдерін, тұрғындарды осындай олқылықтармен бірге күресуге шақырады.  

«Бұл - техникалық қадағалау қызметінің қателігі. Мәселен, биыл Түркістан облысында 52,3 млрд теңгеге жалпы ұзындығы 1508  шақырымнан асатын 687 жол жөнделіп жатыр. Оның 42 –сі жергілікті маңызы бар жолдар. 645-і елдімекен көшелері. Осы айтылған нысандарға бекітілген техникалық қадағалау - құрылыс жұмыстарын бастан-аяқ бақылап, заң талаптарына сәйкес жүргізілуін қадағалап, барлық материалдардың сапасын тексеріп, уақытылы жеткізілуін, дұрыс төселуін қатаң бақылауы қажет. Жұмыстың белгілі бір бөлігін тексеріп, қабылдап алмай жатып, мердігер мекеменің келесі жұмысты бастауға құқығы жоқ. Ал бүгінде кейбір техникалық қадағалау қызметтері құрылыс басына барып жарытпайды. Сондықтан іс оңбайды. Жауапсыз мердігер нормативтік талаптарды сақтамай, жолды «жөндей» салады. Ендеше, мердігердің жұмысын тезге салып, тексермегені үшін техникалық қадағалау қызметін жауапқа тарту керек. Тиісті мекемелерге хат жазып, айыппұл салып, тіпті лицензиясынан айыратын кез келді,- дейді орталықтың құрылыс жұмыстары бойынша инженері Зайра Шаймұратқызы.     

Ал, «Ұлттық Сапа Орталығы» жол сапасын зерттейтін, мамандандырылған кешен. Еліміздің барлық облыс, қалаларында филиалдары бар. Түркістан облысында 11 аудан, 7 қала, мыңдаған елдімекен бар. Жолдардың жалпы ұзындығы 18 мың шақырымнан асады. «Ұлттық сапа орталығы» мамандары бір мезгілде барлық қала, аудан, ауылдарда бола алмайды. Осы тұста қоғам белсенділері, ауыл тұрғындары бізге көмектесе алады. Егер  жауапсыз мердігерлер мен техникалық қадағалау қызметінің қандай да бір қателігін, салынып жатқан жолдардың ақауларын көрсе, «Ұлттық Сапа Орталығына» хабарлассын! Бейнежазбаға түсіріп, инстаграмм желісіндегі @jolsapa_turkistan парақшасына жолдауға болады.  Жол сапасын бірге қадағалайық!

«Тойым ойыма қонбай тұр» - Бекжігіт Сердәлі
Танымал жазушы Мұхамеджан Тазабекке не үшін көңілі суып кеткенін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×