Шымкент және Тараз меморандумы мүмкіндіктерге жол ашады

Oinet.kz 14-04-2021 752

Screenshot_16.jpg

Туризм – мемлекет жарнамасы. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен клісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт-дәстүрі бар. 

Сол себепті, ішкі туризмді дамытып, екі қала арасындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында  «Shymkent Tourism Centr» туристік ақпараттық орталығы және «Тараз-Туризм» Туристік ақпараттық орталығы бірлескен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Тәжірибе алмасу үшін облыс орталықтары арасында жасалған ынтымақтастық туралы келісім өңірдегі туристік әлеуетті арттыру үшін тамаша мүмкіндіктер береді.

Меморандум-тараптарға туризмді және өзге де кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін, сондай-ақ туристік инфрақұрылымды дамытуға жаңа мүмкіндіктер беретін бірлескен жобаларды инвестициялау үшін қолайлы экономикалық және құқықтық жағдайлар жасайды. 

Тараптар алдағы өткізілетін іс-шараларды туристтерді қабылдау орталығында өткізуге ниет білдіре отырып заңдарға, ережелерге, қағидалар мен рәсімдерге сәйкес тараптар келесі салада ынтымақтасады.


Экологиялық туризмді дамытуға бір қадам
Шымкентте өнеркәсіп өнімінің көлемі 12 пайызға артты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу